Баварияда өзін жарған адам сириялық босқын болып шықты

Полиция бавариялық Ансбах қаласындағы мейрамхананың кіре берісінде өзін жарған адамның кім екенін анықтады. Ол Сириядан келген босқын болып шықты, деп хабарлады РБК.

NordBayern басылымы хабарлағандай, баспасөз мәслихатында Ансбах прокуроры Михаэль Шретбергер шарап барында өзін өзі жарған адам 2 жыл бұрын Германияға барған Сирия азаматы екенін хабарлады. Бір жыл бұрын оған германиялық азаматтықты алуға берген өтініші қабалданбаған, алайда азаматтық соғыс аяқталғанға дейін  Ансбахта қалуға рұқсат берілген.  

Бавария ІІМ басшысы Йоахим Херрманн сириялық Германия аумағында екі рет өз-өзіне қол салмақ болғанын мәлімдеді. Алайда бұл жолы өзге адамды өлтірмек ойы болғаны беймәлім.

Сириялықтың радикалды топтармен байланысы бар не жоғы белгісіз.  

Жарылыс салдарынан сириялық ажал құшты, 12 адам жарақаттанды, үшеуінің жағдайы ауыр.

Жарылыс болған ғимарат музыкалық фестиваль ұйымдастырылған жерге жақын орналасқан. Болған оқиғаға байланысты концерт үзілді.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"