АҚШ жауынгерлерінің санын қысқартты

Америка Құрама Штаттары Сауд Арабиясы басқаратын коалицияның әуе күштеріне көмек беріп жүрген жауынгерлер санын қысқартты.

Бірлестік ұшақтары Йемендегі хуситтермен қақтығыс жүргізіп жатқан президент Абд-Раббу Мансур Хадиге қолдау көрсетіп келген. АҚШ әскери әуе күштері өкілінің айтуынша, коалицияда бұған дейін жүрген 45 АҚШ жауынгері 5 адамға дейін қысқарды. Дегенмен, бұл АҚШ Сауд Арабиясына қол ұшын бермейді деген сөз емес.

Кейбір ақпарат көздері «Вашингтон, қажет болса, бұл шешімді қайта қарай алады және АҚШ жауынгерлерінің қысқаруына Йемендегі жағдайдың біршама тынышталуы себеп болды» деп отыр. Еске сала кетейік, Йеменде 2014 жылдан бері «Ансар Алла» хуситтік қозғалысы мен президент Абд-Раббу Мансур Хади жақтастарының арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр.
Соңғысына қолдау көрсету үшін 2015 жылдың наурызынан бері Сауд Арабиясы басқаратын коалиция кірген болатын.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"