Америкалық әскери жүйеге қатысты дау ушығып кетті

Оңтүстік Корея аумағында зымыранға қарсы жүйені орналастыру төңірегіндегі дау-дамай ушығып кетті.

Бұл ұсынысты жақтайтындар мен оған қарсылық білдіргендер бір шешімге келер емес. Оппозициялық партиядағы 6 депутат биліктің қарсылығына қарамастан Пекинге жол тартты. Ондағы мақсат – Қытаймен арадағы қарым-қатынасты жақсарту. Алайда парламентшілердің бұл әрекетін ел президенті Пак Кын Хе сынға алды. Айта кетейік, америкалық зымыранға қарсы жүйені өз аумағына орналастыру туралы Сеулдің жоспары екі ел арасындағы байланысқа нұқсан келтірді. 
Пак Кын Хе, Оңтүстік Корея президенті: - Халықтың сеніміне ие болған саясаткерлер ішкі жағдайды ушықтырмай, әсіресе, ұлттық қауіпсіздік мәселесі туындаған кезде екі партия негізінде бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істеуге міндетті. Естеріңізге сала кетейік, Сеул Солтүстік Кореядан төнген ядролық қауіптен сақтану үшін Вашингтонмен осындай келісімге келді. Ал, Қытай тарапы зымыранға қарсы жүйе, керісінше, аймақтағы тұрақтылыққа зардабын тигізеді деп отыр. Дегенмен бұл кешен Оңтүстік Кореяның қай жерінде орналасатыны әзірге белгісіз.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"