Әскери төңкеріс жасау әрекеті Түркия экономикасына шығын келтірді

Шілде айында түрік жерінде болған әскери төңкеріс жасау әрекеті Түркия экономикасына шығын келтірді.

Елдің сауда және кеден министрі Бюлент Тюфенкчидің мәліметінше, бүліктен елдің экономикасына 300 млрд түрік лирасы  ($100 млрд) болатын шығын келді, деп хабарлайды Hurriyet Daily News. «Егер әскери төңкеріс жасау әрекеті кезінде қолданылған техника, қару-жарақты, бүлінген ғимараттарды есепке алсақ, келген шығын алдын ала есеп бойынша кемінде 300 миллиард лира болады», - деді министр. Айта кету керек, бұл - туристік бизнестің шығынын қоспағандағы көрсеткіш.  Тюфенкчи Түркия нарығы осы бір кезеңдегі сыннан сүрінбей өткендігін, оқиға аптаның жұма күні болғанына қарамастан, барлық банктер мен биржалар дүйсенбіде жұмыстарын қалыпты түрде бастап кеткенін ерекше атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"