Virgin Galactic ғарышқа жолаушы тасымалдауға ресми түрде рұқсат алды

Virgin Galactic компаниясы SpaceShipTwo ұшу аппаратының операциялық қызметіне лицензия алды. Құрастырушылардың ойына сәйкес, ол туристерді атмосфераның төменгі қабаттарына жеткізе алады. Бұл тарихта алғаш рет жеке компанияның жолаушыларды ғарышқа саяхатын ұйымдастыруға рұқсат берілгенін білдіреді, деп хабарлады euronews.com.

АҚШ азаматтық авиациясының федералдық басқармасы Ричард Брэнсон компаниясына аппаратты сынақтан өткізуі туралы мәліметтерді ұсынады деген талаппен лицензия берді.  

Virgin Galactic ұшу датасын жарияламады. Алайда бұрын хабарланғандай, SpaceShipTwo рейстеріне шамамен 700 билет сатылған. Оның әрбірінің құны 250 мың доллар шамасында.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"