Ақмолалықтар өңірдегі ең сұлу аруды таңды. "Көкшетау аруы -2016" атағын Жанар Найманбаева жеңіп алды.
Ол Астанада жұмыс істейді. Ол Қорғаныс министрлігінің қызметкері. Сонымен қатар балет тетарының әртісі.
Байқау қорытындысы бойынша, бірінші вице-мисс Карина Ермамадоваға, екінші вице-мисс атағы Нұржаухар Нұрмұханға ал үшінші вице-мисс атағы Әлия Бекболатоваға бұйырды.
Байқауға қатысқан барлық бойжеткендерге түрлі номинациялар бойынша атақтар беріліп, сыйлықтар табыс етілді.