Күлкі күнінің тарихы: Қалай, қашан, қайда пайда болды?

Бүгін күлкі күні. Деректерге жүгінер болсақ, күлкі күнін тойлау алғаш Франциядан бастау алған. Ежелгі римдіктер «ақымақтар мерекесін»17 ақпанда атап өткен болса, наурыздың 31-інде «қалжыңдау салты» Шығыс Үндістанда етек алған екен. Ал, Ресейдің Петербор қаласының тұрғындары бір күні әдетте өрт шыққанда қағылатын дабыл даусынан оянады. Әбігерге түскен халық өрт ошағын көре алмайды. Сөйтсе, бұл әзілкештердің ойыны екен. Оқиға 1 сәуір күні болған.

Осы кезден бастап бұл ойын халық қолдауына ие болып, күлкі күніне айналады. Күлкі күнінің аталуы мен ерекшелігіне келер болсақ, Франция, Англия, Америкада бұл – ақымақтар күні, Испанияда – дөкірлер, Үндістанда – тоқылдақ, Жапонияда – қуыршақтар, Шотландияда «тепкі күні» деп аталады екен. Бұл күні әркім таныстарының арқасына сездірмей «мені теп» деген жазу іледі де, оны сырттай күлкіге айналдырады. Аты айтып тұрғандай, бұл күнгі қалжыңға ешкім ренжімейді. Бір қызығы бұл мейрам көптеген елде тойланғанымен, еш жерде ресми мереке ретінде тіркеліп, демалыс жарияланбаған екен.

Әзіл-қалжыңға қашанда теріс қарамайтын қазақ халқы да «Күлкі күнін» ескерусіз қалдырмаған. Қыстың қыспағын, ерте көктемнің алай-дүлей мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бір-бірінің көңілін қалжыңмен көтеруге тырысады. Біздіңше, қазіргі заманда біреуді күлдіру үшін де аса зор қиял қабілет, ерекше талант керек шығар… Күлмесхандар арамызда көбейіп бара жатқан заманда күлдіре білудің өзі – өнер!

Сізде бұл күні үлкен-кіші, жас-кәріні бір алдап қоюды ұмытпаңыз.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"