Жастарды отансүйгіштікке баулып келеді

Әскери қызметшілер ұдайы негізде мектептерде әскери-патриоттық тәрбие берудің рөлін күшейту туралы Мемлекет басшысы Жолауының талаптары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жоғары сынып оқушылары мен ЖОО-лардың студенттері үшін ашық есік күндерін өткізуде.

Әскери-патриоттық тәрбие беру жоғары патриоттық сана-сезімді, қазіргі өскелең ұрпаққа өз Отанына деген адалдық сезіміне тәрбиелеуге қалыптастыру бойынша маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Өткен аптада Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттеріне арналған экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттер оқу аудиториялары және авиациялық техника мұражайымен танысып, атыс қаруының тактикалық-техникалық сипаттамаларын танып білді, жаппай жою қаруынан, химиялық қарудан қорғану құралдары туралы ақпарат алды. Кездесу қорытындысы бойынша еліміздің әскери оқу орындарына түсу және оқу тәртібі туралы ролик көрсетілді. Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті «Армия балалар көзімен» акциясы ұйымадстырылып, өткізілді. Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 200-ден аса жоғары сынып оқушылары қатысты. Аталмыш акция аясында балалар өз көздерімен әскери өмірді танып білуге, әскери техниканың үлгілерімен танысуға мүмкіндік алды. Әскери бөлімнің офицер-тәрбиешілері әскери қызмет өткеру тәртібі, атқарылатын жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалар тәртібі туралы айтып берді. Оқушылармен бірге келген бастапқы әскери дайындық оқытушылары ұйымдастырушыларының айтуынша, әскери бөлімге бір рет барудың өзі алғашқы әскери дайындықтың бірнеше сабақтарын алмастыра алады.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"