Алқабилер сотына қатысты кейбір мәселелер

Алқаби болу – әрбiр азамат үшiн құрметтi мiндет. Алқаби сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде белгiлi процессуалдық тұлғаға айналады.

Ата-бабаларымыз негiзiн қалап кеткен, қазiргi кезде ұмыт қалған билер соты - дала демократиясының нағыз үлгiсi болғаны, түрлi дау-дамайларды әдiл шешiп, қара қылды қақ жарып, әділ билiк айтуда теңдессіз болғанына таңғалмасқа шараң жоқ. Қазақ тарихында дәстүрлi билер соты – XIX ғасырдың бас кезіне дейiн қазақтардың өздеріне тән, бipегей дәстүрлi билер соты болды. Ол мүлiктiк, iшкi отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерiн қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтiрiп отыратын. Олар "Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағиданы берiк ұстап, адамгершiлiкте, әділет-шапағатта, ар-ұят пен обал-сауапта, сөз бен iс-қимылда, адалдық пен ақиқатта, салт дәстүр мен кiсiлiк қарым-қатынаста көпке үлгi-өнеге болу керек деп есептеген.

Ал қазiргi алқабилер туралы айтар болсақ, оның қарапайым халық өкiлдерiн сот билiгiне, сот төрелiгiн әділ жүргiзуге тарту мақсатындағы игi оймен қатар, кемшiлiк тұстары да жетерлiк.Оған себеп, коғамда азаматтар арасында алқабилер туралы заңды түсiндiру, ұқтыру жұмыстарының өз дәрежесiнде жүргiзiлмеуiнде.  Сондай-ақ, алқабилерге үмiткерлердiң/ кандидат/ басым көпшiлiгiнiң әлi де болса жалпы бiлiмi, соның iшiнде кұқықтық танымы мен кұқықтық сана деңгейiнiң, өкiнiшке қарай, төмендiгiнде.

Бұл істің өз уақытында қаралуына, әpi сотталушының қылмыстық ic- әрекеттерiн заңдық тұрғыдан саралау, жаза тағайындау және басқа да мәселелердi шешу кезiнде белгiлi бip дәрежеде қиындық туғызып отырғаны белгiлi.

Алқабилердің қатысуымен қаралатын істерге байланысты туындайтын қиыншылықтар мен өзектi мәселелердің бiршамасы бұқаралық-ақпарат құралдарында жазылып та, айтылып та жатыр.

Қылмыстық істер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери соты аса ауыр қылмыстық iстердi көбiнесе көшпелi сот мәжiлiсiнде,яғни Астанадан тыс алыс аймақтарда /республика аумағы бойынша /iс-сапармен барып қарайды. Сотталушының  өтінiшi бола қалған жағдайда, алқабидi облыстық  мәслихат құрған негiзгi және қосалқы тiзiмдер бойынша кездейсоқ таңдап алу тәртiбi заңдық және материалдық тұрғыдан да, әpi уақыт тұрғысынан да қиындығы мен күрделiлiгi мол процедура.

Мамандандырылған ауданаралық әскери сот орналасқан Астана қаласының өзiнде ғана алқабилердің қатысуымен қаралатын iстерден туындайтын қиындықтардың бiр көpiніс атап айтатын  болсақ, ол мынадай:

Алқабилерді шақыруға кеткен пошталық шығындары.  Алқабилер үйлерiнiң телефондарын анықтап, оның iшiнде ақылы қызмет арқылы, сонымен
қатар, ұялы телефонмен әрқайсысына коңырау шалуға  бiршама қаражат кеткені тағы анық. Осындай сотқа  шақырудың әртүрлi тәсiлдерiн колданғанның өзiнде  сот отырысына барлығы келмейдi.

Шақырту кағазында сауаты бар адамға не үшiн келетiндiгi, сот процесiне қатыскан әр күнінe шамамен қанша ақша төленетiндiгi, әpi ол кезде жұмыс орны, жалақысы сақталатындығы, iс-сапар мен жол шығыны өтелетiндiгi, себепсiз келмей қалса әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылатындығы туралы анық баяндалған.

Қаралатын қылмыстык ic бойынша сот отырысына алқабилердi шақыру кезiнде алқабилерге үміткep ретiнде таңдалған тұлғалар тарапынан әрқилы түсiнбеушiлiктер де көптеп туындайды. Осындай сансыз сұрақтарға сот хатшысы сауатты жауап беру арқылы өзiнiң онсыз да аз уақытын бекерге жiберуге мәжбүр. Бұған себеп, азаматтардың басым көпшiлiгi жалпы алкабидің кім екендiгiн, оның мәртебесi қандай екенін бiлмейтiндiгi, ягни, құқықтық сауаты мен сана деңгейінің төмендiгiнен немесе немқұрайлықтарынан туындап жатады.

Сонымен қатар, ауданаралық әскери соттың ic қараудағы өзiндiк ерекшелiктерiне және заңмен немесе қандай да бiр құқықтық жолмен реттелмеген кейбiр өзектi мәселелерi төмендегiдей деп ойлаймын.

 Айталық, республика аумағында орналаскан әскери бөлiмдер, кұрамалар мен әскери басқару органдары әрқилы бiр әскери гарнизондары аумағында орналасқан, яғни белгiлi бiр әскери тәртiппен реттелiнiп анықталған территорияларда орналасқан. Әрбiр гарнизонда әскери құқық қоpғау органдары /әскери полиция, әскери-тергеу басқармасы,әскери прокуратура/ бар және олардың қызметтері белгiлi жүйе бойынша атқарылады.

 Ал мамандандырылған ауданаралық әскери соты Астана каласында орналаскан және республиканың шалғай аймақтарындағы гарнизондардан аса ауыр кылмыс санатына жататын істер келiп түскен жағдайда, істің толық, объективтi, әpi жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету мақсатында сот талқылауын қылмыстық оқиға орын алған гарнизонға немесе облыс орталықтарына барып өткiзедi, яғни судья ic-сапарға аттануы тиiс.

 Осы орайда: «Судья және сот мәжілісінің хатшысы іс-сапарға қандай көлiкпен жүру керек? Сапар барысында көп томдық қылмыстық істі өзiмен бiрге калай алып жүруi керек? Оның жауапкершiлiгi кімнің мойнында болады? Олардың және сот құрамының қауiпсiздiгi қалай қамтамасыз етiлуi керек?»-деген көп сұрақтар туындайды. Сұрақ көп, бірақ жауап жоқ.

 Мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы қылмыстық ic орын алған жердегi жергiлiктi соттардың /облыс орталықтарында орналасқан қалалық немесе мамандандырылған ауданаралық, не әскери соттар/ басшылығынан олардың мәжiлiс залында істі қарауға және соған байланысты басқа да қажеттiлiктердi /мәжiлiс залын, компьютерлiк техникамен жабдықталған жеке бөлмесiн, байланыс құралдарын, кіріс-шығыс корреспонденциясын/ сұрауға мәжбүр болады.

 Әрине, бұл жерде жергiлiктi соттар өздерiндегi мүмкiндiктi пайдалануға онша қарсылық бiлдiре қоймаса да,олардың өздерiнде де іс-шаралардың аз еместігінен және кейде оларды бiр мезгiлге тағайындап қоюына байланысты ынғайсыз жағдай туындайды.

 Аталған кедергiлер салдарынан ауданаралық әскери соттың судьясы өз қызметін атқару барысында әкiмшiлiк функцияларымен айналысуға мәжбүр және бұл жергiлiктi соттарға да өз қызметтерін тиiстi жағдайда атқаруға кедергі келтiрiп, олаға кейбiр қажетсiз жауапкершiлiктердi ерiксiз жүктейдi.

Республиканың шалғай аймағында жасалған қылмыстық ic бойынша сот мәжiлiсiн Астана каласында тағайындаған жағдайда сот процессiне қатысушыларды, куәлердi, жәбiрленушiлердi, эксперттердi т.б. шақыртып келтiруге жане сотталушыларды этаппен алдыруға үлкен қаржы кететіндігімен коса, көп уакыт алатындығы тағы белгiлi, әpi бұл сот үшiн өте тиiмсiз.

Қорыта айтқанда, бұл институттың біздің елiмiздегi сот жүйесiне енгiзiлуiнде - заңдық тұрғыдан да, азаматтардың құқықтық  танымы мен жалпы мәдени тұрғыдан да, республика аумағының кеңдігі мен осы аймаққа орналасқан халықтың тығыздығының аздығынан да әлi де болса көптеген қиыншылықтар бар екені даусыз.                                                              

 Осы аталған мәселелердi оңтайлы шешу үшiн, бiрiншiден, жергiлiктi атқару органдары, әр деңгейдегі  әкiмдiктердiң мамандары, заңда шектеу қойылған адамдардың алқабилер тiзiмiне кiрiп кетпеуiн нақты кадағалап, тiзiм жасаған кезде арбiр алқабиге үміткер адаммен жеке сұхбаттасып, сөйлесiп, "Алқабилер туралы" заңның негiзгi кағидаттарын, олардың болашақ құқықтары мен міндеттерін, олардың сот төрелiгiн атқарудағы қызметтерi ақылы екендігін, оның күндік мөлшерiн, сонымен қатар, басқа да осы төңіректе туындайтын мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетсе.

Сот қызметкерлерi және прокурорлар мен адвокаттар да өздерінің өкiлеттiк шеңбері аясында бұқаралық ақпарат құралдары арқыпы халыққа  алқабидің кім екендігін апқабилерге үмiткерлердi ipiктey тәртiбiн, олардың құқықтары мен міндеттерін, және т.с.с құқықтық насихат, тycіндipy жұмыстарын үнемі жүргiзудi қолға алса дұрыс болар еді.

Түйiндей келгенде, осы айтылғандардың барлығы жалпы сот жүйесiнiң абыройы мен беделiн арттыру үшiн, сот төрелiгiн әдiл, әpi заңды атқару үшiн қажет демекпiн.

Рас, алқабилерге қатысты толғаққы мәселелердi шешу бiр күннің ici емес. Ол халықтың, мамандардың аталған мәселеге белсендi, саналы түрде атсалысуына да байланысты. Бұл дегенiмiз - алқабилер институтын әлi де болса дамыту қажет. Ал, айтылған мәселелер ойдағыдай жүзеге асып жатса, демократиялық, сот жүйесiнiң дамуына қосылған қомақты үлес болары анық.

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маман – сот мәжілісінің

хатшысы Асылхан Сарскулов 


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"