Құнарлы ойдың құнды қазынасы

Қазақтың салқам сахарасында «Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп елі мен жері үшін етігімен қан кешіп жүріп, туған халқының ұлттық құндылықтарын, салт - дәстүрі мен тілін сонау қиын-қыстау кездерде жанұшыра, қызғыштай қорыған, бастары құлдықтың ноқтасына сыймай кеткен арыстарымыз аз емес.

Ресей империясына бодан болған замандарда қазақтың қаймағы бұзылмаған ана тілінің саф алтындай бай құндылықтары сарқыла бастады. Ол кездерде ұлт, дәстүр, тіл туралы ой толғау «ескіліктің, ұлтшылдықтың» белгісіндей, өзіне-өзі қол жұмсаумен бірдей еді. Бірақ, жанын шүберекке түйіп, ұлтының баға жетпес байлығынан айырылып бара жатқанын біле, көре тұрып үндемей қалуын болашақ ұрпақтың алдында ар санаған, оны айтып қалу өзінің басты парызы екендігін сезінген, бар дауысымен жар салып, шындықты жеткізген батыр, ержүрек арыстарымыз да болды. Оларды Алаш арыстарының рухани мұрагерлері деп білеміз. Солардың бірі де бірегейі батыр Бауыржан Момышұлы атамыздың тіл туралы нақыл сөздерін ұсынамыз.

Тіл  – елдің елдігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш.

***

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту.

***

Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл.

***

Жақсы сөз жанға  – жақын, құлаққа – жағымды, ойға қонымды келеді.

* ***

Сөз жылата да, жұбата да алады.

***

Тіл тазалығы үшін күрес  – ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес.

***

Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.

***

Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә.

***

Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеу – шынайы патриоттар тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян.
Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"