Ұрпақ сабақтастығы әскердің дамуындағы маңызды фактор
Қазақстан халқының бірлігі, Отан қорғаушы және Жеңіс күндерін мерекелеу қарсаңында Тұңғыш Президент – Елбасы мұражайында Қорғаныс министрлігі басшылығының, Қарулы Күштердің ардагерлер кеңесінің, әскери оқу орындары курсанттарының, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында ел мен әскердің нық дамуын қамтамасыз ететін ұрпақтар сабақтастығы «Ел үмітін Ер ақтар» атты іс-шараның негізгі тақырыбы болды. Кездесуге қатысушылар ел...