Ұлы дала батырымен бір толқында

Ағымдағы жылдың 3 ақпаны күні, Нұр-Сұлтан қаласында қазақтың атақты палуаны, қара күштің иесі, Алаштың алыбы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150- жылдығына орай Республикалық бейне-челлендж бастау алды.

Бейне-челлендждің ұйымдастырылуы мен басы – қасында кешегі қара күштің иесі Қажымұқан атамыз бен Балуан Шолақ атамыздың ізін жалғастырып жүрген, күш сынасу спорты бойынша әлемнің 4 дүркін чемпионы, Сергей Цырульников пен Республикалық «Жас Сарбаз» әскери –патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев пен «Жас Сарбаз» қозғалысының 10 тәрбиеленушісі  қатысты.
Челлендж қатысушылары  барлық эпидемологиялық нормаларды сақтай отырып, ашық ауа астында қалалық «Жерұйық» саябағында, 150 «отжимания» жасап эстафетаны елімідің белді спорт майталмандары мен барлық аймақтардағы «Жас Сарбаз» филиалдарына жолдады.
«Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын сақтау және келер ұрпаққа өнегелі тәрбие беру. Қажымұқан Мұңайтпасұлы –  Қазақ елінің атын жер тарапқа шырқатқан аңыз адам. Ізін жалғастырушы, дәуірлер жалғасы ретінде біздің басты міндетіміз- жастарға осы дәстүрдің жетуі мен оның құнын жоғалтпауға бағыт беру» - деп ойымен бөлісті бүгінгінің Қажымұқаны Сергей Цырулников.
Айта кетелік, ақпан айының 3 күні бастау алған бұл жоба Ұлы даланың батыры дүниеге келген уақытқа, яғни сәуір айының 7- не дейін жалғаспақшы.
Осы уақыт аралығында батыр есімі ұлықталып, бүгінгі ұрпақ толықтай ат салысары анық.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"