Спорт – денсаулық кепілі!

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің спорт қалашығында 7 мамыр-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне – 30 жыл толу және 9 мамыр-Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне – 77 толуына арналған спорттық жүгіру шеруі ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік іс-шараға бөлімнің барлық санаттағы әскери қызметшілері тартылды. Спорттық жүгіру шеруін Приозерск гарнизонының бастығы, 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Абеков Жасұлан Садуұлы өзі басқарып жүрді.

Отан қорғау жолындағы әскери қызметтегі өз міндеті мен берілген тапсырмаларды орындау кезінде әскери қызметшінің қай қырынан алып қарасақ та жігерлі, мықты және дене бітімі жағынан да мығым болғаны абзал.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында күнделікті спорт және дене шынықтырумен айналысуы жеке құрамның күн тәртібінен түскен емес.
Әскери бөлімнің спорт қалашығында сап түзеген әскери қызметшілерді Приозерск гарнизонының бастығы, 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Ж.Абеков 7 мамыр-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне – 30 жыл толу және 9 мамыр-Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне – 77 толуымен құттықтады. Әскери шендегі басшы подполковник Жасұлан Садуұлы: «Бүгінгі іс-шара егеменді еліміздегі салауатты өмір салтын қалыптастырудың бір көрінісі деп білеміз. Осы сапта тұрған әрбір қызметші әрдайым спорт және дене шынықтыру дайындығы жағынан алда болуы тиіс. Қимылы ширақ әскери қызметшісі бар Тәуелсіз Қазақстанның айбынды армиясының сөз жоқ, мәртебесі тоқтаусыз арта беретіндігі анық!» - деп, өзінің жеке құрамға арнаған құттықтау сөзін жеткізді.
Спорт қалашығының жол бастау сызығынан бағыт алған 06708 әскери бөлімінің жеке құрамы 3 шақырым қашықтықты жаппай бір топта жүгіріп өтіп, спорт және дене шынықтыру дайындық деңгейінің жоғары екендігін көрсетті.

Думан Құрманғалиев

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"