Рио Олимпиадасының басталуына екі күн қалды

Бүгін ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының астанасы Рио-де-Жанейрода қазақтың көк байрағы желбіреді.

Кешенді сынның басталуына екі күн қалғанда, олимпиадалық қалашықта ресми түрде Қазақстанның емлекеттік туын көтеру рәсімі өтті. Алты құрлықты өзіне қаратқан Бразилияда қазір қызу дайындық жұмыстары жүруде. Алдымен дәстүрге сай жарысқа қатысушы мемлекеттердің тулары желбіреп, олимпиадалық қалашықта әнұран шырқалды. Қазақстаннан бөлек Испания мен Түркияның және Сейшель мен Чад мемлекеттерінің тулары да ілінді. Ұйымдастырушылар шағын іс-шараны мәдени концертке ұластырып, Бразилияның тарихынан сыр шертетін билерімен бес елдің спортшыларына өз өнерлерін паш етті. Қазақстандық делегация атынан Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков олимпиадалық қалашық басшысына естелік сый тарту етті. Айта кетейік, 5 тамызда 31 жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты, ал 21 тамызда Олимпиаданың жабылу рәсімі болады деп күтілуде. Қазақстан намысын қорғауға елімізден 104 спортшы аттанды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"