Рио-2016: Қазақстан жалпы медальдық есепте 22-орынға орналасты

Отандастарымыздың арасынан ең соңғы болып жарыс жолына марафоншы Михаил Красилов шықты.

Ол 50 шақырымды 2 сағат 26 минут 11 секундта бағындырып, 101-сатыға орналасты. Рио Олимпиадасының қорытындысы бойынша ұлттық құраманың қоржынында 17 медаль бар. Ол дзюдо, жүзу, бокс, күрес және ауыр атлетикадан алған 3 алтын, 5 күміс, 9 қола. 

Бұл нәтижемен Қазақстан жалпы медальдық есепте 22-орынға орналасты. Тізімнің топ басында 121 медальмен АҚШ тұр. Алпауыт елдің еншісінде 46 алтын бар. Ұлыбритания 27 алтын иеленген. Үздік үштікті Қытай спортшылары түйіндеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"