Рио-2016: Қазақстан жалпы есепте 20-орында

Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 18-орыннан 20-орынға жылжыды

Тура қазір есеп бойынша АҚШ 35 алтын 33 күміс, 32 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте  көш бастап тұр. Ал Қазақстан құрамасы 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алғанымен жалпы есепте 18-орыннан 20-орынға сырғыды.

Қазір Қазақстан қоржынында 3 алтын, 5 күміс, 7 қола медаль бар.

Еске сала кетейік, ауыр атлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин және 69 келі салмақтағы боксшымыз Данияр Елеусінов  Рио Олимпиадасының чемпионы атанған еді. Ал Рио Олимпиадасының күміс жүлдесін осыған дейін, балуан Елдос Сметов, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, боксшы Василий Левит жеңіп алса, бүгін бокстан 81 келі салмақта Әділбек Ниязымбетов және әйелдер күресінен  Гюзель Манюрова күміс жүлдегер атанды.

Ал осыған дейін қола медальдарды дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах, үш қарғып секіруші Ольга Рыпакова, ауыр атлеттер Карина Горичева, Фархад Харки, Александр Зайчиков және әйелдер күресінен кеше Эльмира Сыздықова иеленсе, бүгін әйелдер күресінен 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Екатерина Ларионова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"