Алғашқы 4 жарыс күнінің қорытындысы бойынша ұлттық құраманың қоржынында 4 медаль бар.
Ол дзюдо мен ауыр атлетикадан алған 1 күміс және 3 қола. Аталған нәтиже Қазақстанды жалпы медальдық есепте 30-орынға орналастырды. Ал, жаңарған тізімнің топ басында Қытай келеді. Алпауыт елдің еншісінде 7 алтын, 3 күміс және 6 қола бар. Ал үздік үштікті АҚШ пен Австралия түйіндеп тұр.