РИО-2016: Иван Дычко жартылай финалға шықты

Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында +91 келі салмақтағы боксшымыз Иван Дычко ширек финалда нигериялық Эфе Аджагбаны ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, ол алғашқы жекпе-жегінде басты қарсыласы әзербайжандық Могамедрасул Меджидовті екінші раундта техникалық нокаундпен ұтып, ширек финалға шыққан болатын.
Қазақстан боксында аса ауыр салмақта боксшылар өте тапшы. Сол олқылықтың орнын сездірмей жүрген қостанайлық тарланымыз талай сындарлы сайыстарда ел намысын абыройлы қорғап келеді. Дычко осыдан төрт жыл бұрын Лондон олимпиадасында Қазақстан қоржынына қола медаль салған спортшылардың бірі. Енді Риода одан да жоғары жетістікке жетеді деген үміттеміз.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"