Рио-2016: Аға сержант Біржан Жақыпов бірінші жекпе-жегінде намибиялық боксшымен айқасатын болады

ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында 49 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов алғашқы кездесуін намибиялық Маттиас Хамуньелаға қарсы өткізеді.

Бұл туралы Риода жүрген ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Бүгін қазақ боксшылары үшін демалыс. Ертең Біржан Жақыпов шаршы алаңға көтеріледі. Ол жеребе бойынша бірінші айналымнан босатылған болатын. Ал Біржанның қарсыласы Рио олимпиадасын бірінші іріктеуден бастаған. Ол тырнақалды бәсекесінде әзірбайжандық былғары қолғап шебері Руфат Хусейновпен жұдырықтасып, екінші кезеңге жолдама алды. Енді екінші кездесуінде қазақ боксшысымен жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ боксшыларынан Олимпиаданың алғашқы күні бірінші болып шаршы алаңға көтерілген 60 келідегі Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысы Карлос Баль Дерастен ұтылып қалған болатын.

Ол бүгін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында "өзім жеңілсем де, өзге әріптестеріме жеңіс тілеймін. Әлі қыздардан бөлек төғыз боксшымыз рингке көтеріледі. Мен жетпеген биікті солар бағындырады деп сенем", - деп сұхбат берді..

Сондай-ақ, "жарысты өздеріңіз көрдіңіздер! Жеңуге тырыстым. Бірақ, ойлағанымдай болмады. Қарсыласым Олимпиадаға өте мықты дайындықпен келіпті. Ұтылдым", - деп жеңілісіне мойнсал болғанын жеткізген еді.

Біржан Жақыпов

Туған күні: 07.07.1984

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылы

Жетістіктері: Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2005 ж.), Әлем кубогының қола жүлдегері (2008 ж.), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010 ж.), олимпиадалық квалификациялық құрлықаралық турнирдің жеңімпазы (2012), Әлем чемпионы (2013 ж. Алматы)

Бойы: 168 см

Салмағы: 49 кг

Бокспен айналысуы: 14 жастан

Аймақ: Оңтүстік Қазақстан облысы

Рио Олимпиадасының жолдамасын АИБА-ның АРВ деп аталатын жаңа жүйесінде сынға түсіп, жеңіп алды.

Биыл Біржан осымен үшінші Олимпиадасына қатысқалы отыр. Ол осыған дейін Бейжіңде және Лондонда Олимпиада ойындарына қатысқан. Алайда, жүлдеге жете алмады. Биыл қалайда Қазақстан қоржынына бір медаль салады деген үміттеміз.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"