Қырғызстан Риода алған жалғыз медалінен айырылып қалды

Спорттық арбитраждық сот (CAS) қырғыз ауыр атлеті Иззат Артықовтың қола медалін қайтарып алды. Артықов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен еді.

centralasian.org-тың мәліметінше, 18 тамыз күні шыққан шешімге сәйкес, атлеттің допинг-сынамасынан рұқсат етілмеген зат – стрихнин табылды. CAS мәліметіне қарағанда, Артықов жарыстан шеттетілді және жүлдесінен айрылды.+

Еске салайық, 10 тамызда Иззат Артықов қос сайыс қорытындысы бойынша 339 келі көтеріп, қола жүлдегер атанды. Бұл қола Риодағы Ойындарда Қырғызстан құрамасының қоржынындағы жалғыз медаль еді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"