Қолданбалы әскери спорт түрлерінен спартакиаданың үшінші кезеңі басталды

2017 оқу жылына бекітілген негізгі спорттық-бұқара және ұйымдастыру-әдістемелік шаралардың жоспар-күнтізбесіне сәйкес, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы чемпионатының қысқы кезеңінде қолданбалы әскери спорт түрлерінен спартакиаданың үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Спартакиаданың үшінші кезеңі Өскемен гарнизонының спорт кешенінде салтанатты түрде ашылды. 27943 әскери бөлімі командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Сәбит Әзірбайұлы Үркінбаев әскердегі кез келген жарыс – бұл жеке құрамның әскери және кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдірудің, әскери құрылымдардың өзара береке-бірлігін пысықтаудың жолы екенін айтты.

Нағыз мықтылар мен күштілердің жеңіп шығатынына зор сенім білдірді. Өңірлік қолбасшылық чемпионатының қысқы кезеңінде әскерилер Президенттік көпсайыс, кір тасын көтеруден қоссайыс, шаңғыдан үшсайыс, пневматикалық қарумен ату, армиялық қоян-қолтық ұрыс, бес шақырымға эстафета, шаңғы спорты секілді сынақтардан өтеді. Жарыста Семей, Аягөз, Үшарал, Өскемен гарнизондарына қарасты 14 әскери бөлімнен 107 әскери қызметші бақ сынайды. Қорытындысы бойынша әскерилердің спорттық-техникалық дайындығы мен жеңіске деген ерік-жігері жоғары бағаланбақшы. Барлық жеңімпаздар ауыспалы кубок және мақтау грамоталарымен марапатталады.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"