Қарулы Күштерде әскерилендірілген кросстың чемпиондары анықталды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-қолданбалы спорт түрлері спартакиадасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Щучинск қаласының әскери спорт базасында әскерилендірілген кросстан жарыс өтті.

Чемпион атағын алу үшін Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарының, сондай-ақ Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның бөлімшелерінен 15 команданың 65 әскери қызметшісі бақ сынады.
Қатысушылар эстафета, топтық және жеке сынақ сайыстарында жарысты. Қыздар үшін жүгіру қашықтығы 1500 метрді, ал ерлер үшін 3000 метрді құрады. Ереже бойынша жүгіру кезінде спортшылар пневматикалық винтовкадан атып, граната лақтырудан жаттығулар орындады.
– Әскери қызметшілер төзімділікті көрсетіп қана қоймай,  атыстағы дәлдікті,  сонымен қоса командалық рухты пен өзара көмектесуді көрсету қажет болды. Жарыс қорытындысымен Қарулы Күштер құрамасы құрылып, ол команда ТМД елдері арасындағы әскерилендірілген кросстан чемпионатқа қатысады, – деп атап өтті жарыстың бас төрешісі, ҚР ҚМ Спорт комитеті – орталық спорт клубы төрағасының орынбасары, подполковник Бауыржан Оразбай.
Әскери қызметші әйелдер арасында әскери колледждің 3-сыныпты сержант спортшысы Полина Саутиева үздік нәтиже көрсетті.
Ерлер арасындағы жеке сынақта бірінші болып Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери қызметшісі сержант Александр Сысоев келді.
- Әскерилендірілген кроссқа екі ай дайындалдым, граната лақтыру мен жылдамдыққа шыдауды дамытуға баса назар аудардым. Мықты дайындықтың нәтижесі өзін ақтады, - деп бөлісті әскери қызметші.
Командалық есепте бірінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жеңіп алса, ал екінші орын ҚР ҚМ Әскери колледжінің өкілдеріне, үшінші орын әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілеріне бұйырды.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"