Армия спортшылары Санкт-Петербургте бокстан өткен халықаралық турнирде сәтті сайыс көрсетті

Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне қарасты Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушылары бокстан «Санкт-Петербург губернаторының Кубогы-2021» халықаралық турнирінде бір алтын мен бір күміс жүлдені қанжығалады.

Бокс жарысына әлемнің 15-тен астам елінен тәжірибелі былғары қолғап шеберлері қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дүниежүзілік әскери ойындардың екі дүркін жеңімпазы, Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) екі дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ОСК спортшы-нұсқаушысы Асланбек Шымбергенов чемпион атанды. Финалда жауынгер 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, 2020 жылғы әлем чемпионы, ресейлік спортшы Андрей Замковты жеңді.
Күміс жүлдені 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқан, 2018 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, әскери спортшы Әбілхан Аманқұл жеңіп алды.
- Әскерилер жақсы дене дайындығы мен шеберлігін көрсете отырып, лайықты сайысты. Бұл жарыс жігіттер үшін ағымдағы жылдың 4-8 маусым аралығында Парижде өтетін Токио-2020 Олимпиада ойындарына арналған Еуропалық біліктілік турнирінің алдындағы беріктікке сынау болды, – деп бокстан ОСК штаттық командасының бастығы аға лейтенант Біржан Жақыпов атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Алматы қаласындағы Армия орталық спорт клубының базасында қоғам және мемлекет қайраткері, Халық Қаһарманы, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан дәстүрлі турнир өтеді. Оған әлемнің түрлі елінен 180-нен астам спортшы қатысады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"