Армия спортшылары самбодан Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубы жауынгерлік самбо бөлімінің спортшы-нұсқаушысы Марат Байкамуров Мәскеудегі самбо бойынша «А. Харлампиев мемориалы» Әлем кубогында 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

Екі күні бойы өткен сайыста әлемнің үздік самбошылары ерлер, әйелдер және жауынгерлік самбодан 21 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. «Лужники» стадионының кіші спорт аренасы турнир өтетін дәстүрлі алаңға айналды.
– Армияның атынан шыққан күрескер лайықты шеберлік пен жауынгерлік рух көрсетті. Марат Байқамыров өз салмақ дәрежесінде самбодан ұлттық құраманың көшбасшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2019 жылғы қазақ күресінен ұлттық ойындардың жеңімпазы. Бізді алда осы кезеңнің басқа да халықаралық жарыстарына, сондай-ақ қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2021» республикалық турнирі мен қарашада Ташкентте өтетін самбодан әлем чемпионатына толассыз дайындық жұмыстары күтіп тұр, – деді Армияның орталық спорт клубына қарайтын самбодан штаттық команданың жаттықтырушысы ефрейтор Асан Мәмбетқұлов.
Жарысқа жалпы 16 елдің 300-ге жуық спортшысы қатысты.
Әлем кубогы самбоның негізін қалаушылардың бірі – Анатолий Харлампиевтың құрметіне «А.А. Харлампиев мемориалы» деп аталғанын айта кеткен жөн. Жарыс Мәскеуде 1980 жылы Олимпиада ойындарын өткізген жылы құрылған болатын. Турнирде жеңіске жеткен спортшылар халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Индия срочно ищет для своих ВС легкие танки

Индия срочно ищет для своих ВС легкие танки

Как выжить в степи?

Как выжить в степи?