Армия дзюдошылары Азия Кубогында медальдарды жеңіп алды

Ақтауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия Кубогы аяқталды. Армия Орталық спорт клубының нұсқаушы спортшылары турнирде әр түрлі дәрежедегі үш медальды қанжығаларына байлады.

Жалпы алғанда жарысқа Австралия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен 198 білекті спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 100 келіден астам салмақ дәрежесінде армия спортшысы ефрейтор Ерасыл Қажыбаев чемпион атанды. Ақтық сында ол «Қазақстан Барысы – 2017» титулының иегері, отандасы Еламан Ерғалиевті жеңді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ОСК спорт ротасының мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Дәурен Сюкенов күміс медальға ие болды. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ефрейтор Әділ Оразбаев қола жүлдегері атанды.


– Мен жаттықтырушыларымның, әріптестерімнің және достарымның сенімін ақтағаныма өте қуаныштымын. Тәлімгерлердің барлық тапсырмаларын орындап, «алтын» жеңіп алдым. 19 наурызда әскери қызметшілер арасында өтетін «Әскер барысы – 2021» титулына іріктеу турнирінде Қарулы Күштердің намысын қорғауға тырысамын, – деп бөлісті әскери спортшы ефрейтор Ерасыл Қажыбаев.
Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ашық Азия Кубогы лицензияланған турнир болып табылатынын айта кету керек. IJF ережелері бойынша турнир чемпиондары мен жүлдегерлері Халықаралық дзюдо федерациясының рейтингі есебіне ұпай алады: бірінші орын – 100 ұпай, екінші орын – 60 ұпай және үшінші орын – 40 ұпай.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба