Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу бойынша бокстан халықаралық турнир өз мәресіне жетті

Алматы қаласындағы Армиялық Ооталық спорт клубының базасында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан 24-ші халықаралық турнир өтті.

Кіл мықтыны анықтау үшін Қазақстан, Қытай, Өзбекістаннан келген барлығы 144 боксер бірнеше күн бойы сайысты.
– Біз бұл халықаралық бокс турнирін аты аңызға айналған тұлғаға арнаймыз. Жарыстың өз тарихы мен дәстүрі бар. 2021 жылғы 25 мамыр – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрінің туғанына 97 жыл. Сағадат Нұрмағамбетов – бүкіл ғұмырын Отанға қызмет ету ісіне арнаған адам. Жоғарғы Бас Қолбасшының басшылығымен ол қазіргі Қарулы Күштердің негізін қалады. Осындай ерен тұлғалар мәңгілік есте қалуға лайықты. Халық Қаһарманының құрметіне арнап турнир өткізу – оны құрметтеп еске алудың бір бөлігі ғана, – деді Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының бастығы Айталап Құрғамбаев.
Турнирде 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шымкенттік Рысхан Тәліп, ал 52 келіге дейінгі салмақта Атырау облысының тумасы Олжас Байниязов жеңіске жетті. 57-ден 60 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде Қорғаныс министрлігі Орталық спорт комитетінің спортшылары Рүстам Шәуменов пен Әділет Құрметов жеңіске жетті. Ал 63 келіге дейінгі салмақта Маңғыстау облысынан Санатәлі Толтаев, 69 келіге дейінгі Жамбыл облысынан Әлішер Абдуәлім, 75 келіге дейінгі Павлодар облысынан Аятулла Тәкіжанов, 81 келіге дейін Шығыс Қазақстан облысынан Ерасыл Жақпеков, 91 келіге дейінгі Маңғыстау облысынан Нұрлан Сабыров, 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Атырау облысынан Мұхамеджан Еркін бақ сынады.
Турнир қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Ерасыл Жақпеков үздік боксшы атанды.
– Өзімнің сайысыма көңілім толды. Қарсыластар мықты, жекпе-жектер күрделі болды. Біздің команданы тамаша өнер көрсетумен құттықтаймын. Жаттықтырушыларға, командаға, әрине, бізді қолдаған барлық адамдарға рақмет айтамын, – деп бөлісті Ерасыл Жақпеков.
Бұдан бұрын Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу турнирінде былғары қолғап шеберлері жеңіске жеткенін айта кеткен жөн. Олардың ішінде – Қазақстан боксының тарихындағы ең атақты екі боксшы, Олимпиада және Азия ойындарының жеңімпаздары, Әлем және Азия чемпиондары – армия спортшылары Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов, сондай-ақ Әлем чемпионы, бокстан ОСК штаттық командасының бастығы аға лейтенант Біржан Жақыпов бар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"