Теңізден табылған дулыға

Жақында ресейлік «Кочевники Великой степи» деп аталатын оқырманы көп желілік топта мына бір дулығаның фотосы жарияланды. Жәдігер Жапонияның теңіз жағалауынан табылыпты. Анықтамалығында «татар-моңғол жарағы» деп жазылған. Татар-моңғол ұғымы жазушы Мұхтар Мағауинның тәпсірі бойынша – түркі-қыпшақтар. Демек, бұл бұйым арғы жағын айтсақ ежелгі көшпенділердің, бергі жағын айтсақ Ұлық ұлыстың іргесін қалаған бабаларымыздың мұрасы екені анық.

Хош сонымен... бұл дулыға Жапония жағалауына қайдан барып жүр? Сөзді созып жатпай осы сұраққа жауап ізде¬йік. ХІІ-ХІІІ ғасырда әлемді дүр сілкіндерген моңғол шерігі 1211 жылы атақты қолбасшы жалайыр Мұқалайдың бас¬қаруымен шығыстағы Алтын империясын шапты. Қырық түмен (400 мың) жасақ бас¬тап моңғолдарға қарсы тұр¬ған қытайдың Құшақу ат¬ты қолбасшысы ойсырай же¬ңі¬леді. Ақыры жалынып-жал¬пайып, моңғолдарды келі¬сімге шақырады. Шыңғыс хан оларға «мақұл» дейді. «Алым-салық төлеп тұрсаңдар боп¬ты». Бірақ арада үш ай өт¬пей жатып қытайлар уәде бұ¬зады. Шыңғыс хан ашуланып тағы Мұқалайды аттандырады. Тарихи деректерде Мұқа¬лайдың басқаруында 23 мың моңғол, 20 мың қидан шерігі болғаны айтылады. Бұл қосын Шаньдун, Хэбэй, Шань¬си, Шэньси қатарлы ірі аймақтарды бағындырып, 1223 жылы Алтын империясының көршісі шығыс Сүн елін қоса басып алды.

Одан кейін ұлы қағанның немересі Құбылай 1266 жылы күллі қытайды бір тудың астына бас идіріп, 1271 жылы Юань империясын құрды. Осыдан бастап сонау адам аяғы жет¬пей¬тін көк теңіздің қойнауында жатқан Жапонияны жаулауға Құбылайдың аңсары ауады. Сөйтіп, 1272 жылы жар¬лық шашып қытай-корей шебер¬леріне жүздеген әскери кеме жасатады. Кешікпей 1274 жыл¬дың күзінде Құбылай қосыны ашық теңізге шығып, қараша түскенге дейін Цушима, Ики аралдарын иеленіп, Кюүшү аралының Хаката бұғазына тұмсық тіреп тоқтайды. Суда майдан салып үйренбеген моң¬ғол жасағы бұл жолғы жо-рықтан нәтиже шығара алмай¬ды. Тіпті 13 мың шерігін те¬ңіздің түбінде жерлеп, тірі қал¬ғандары еліне оралды. Ал жапондар болса жеңісіне мастанбай жау келетін жағалауға 2-4 метр биіктікте 40 шақырымдық қамал соғып үлгереді.

«Жапонияны жаулап алу» арманы түн ұйқысын төрт бөл­ген Құбылай патша 1280 жылы арнайы теңіз флотын құру жайлы жарлық шығарып, келесі 1281 жылы екінші дүркін Жа­понияға қол аттандырады. Та­рихшылардың жазуына қа­ра­ғанда, жеті жыл бұрынғы же­ңілістен сабақ алған моңғол ше­рігінің дайындығы тас-тү­йін болған екен. Шабуылды екі бағытта жүргізген. Бірінші бағыт – қытай, корей, моңғол шеріктерінен құралған төрт түмен жасақ отырған 900 кеме Кореяның Масан айлағынан аттанса, келесі топ – 3500 кемесі бар 100 мың қол оңтүстік қы­тай жағалауынан теңізге шық­қан екен. Осыларға қарсы тұр­ған жапондықтар саны 40 мың.

1281 жылдың маусым айы­ның соңында Кореядан ат­тан­ған флот Хаката бұғазына тұм­сық тіреп тоқтайды. Бірақ шабуылды бастамай 100 мыңдық келесі флотты 50 күн күтеді. Осы аралықта жасанған жапондар шағын қайыққа отырып алып түн жамылып келіп, моңғолдың үлкен кемелеріне от қойып, мазасын алады. Со­дан тамыз айының 12-сі күні көптен күткен үлкен флот та келіп жетеді.

Жапон теңізінің жағала­уында иін тіресіп тұрған моң­ғол флотының айбарын суреттеп жазған Такезаки Суенаг атты самурай: «Құмырсқадай қаптаған жауды жеңу мүмкін емес еді, бірақ бізге тәңірдің өзі көмектесті», депті.

Рас айтады. Шайқас нағыз қызған тамыз айының 19-ы күні (кейбір деректерде 15-і) теңіз дауылы көтеріліп, судың бетінде қаптап тұрғын моңғол кемелерін қидай сыпырып, үстіндегі жауынгерлерімен бірге теңіз түбіне мәңгілікке шөктіреді. Деректерде жапон жағасына жеткен 4400 кемеден аман қалғаны 100-ге жетер-жетпес дейді.

* * *

Жоғарыдағы оқиғаға биыл 740 жыл толыпты. Қатты дауылдан талқаны шыққан ке­мелер қалдығы мен суға бат­қан жауынгерлердің қару-жарағы Жапонияның жаға­лауындағы теңіз түбінде әлі күні шөгіп жатыр. Соңғы жылдары көптеген археологтар Хаката бұғазының тереңіне қазба жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде, моңғол нояндары қолданған төртбұрыш таңбалар, жарылғыш заттар, қару-жарақ қалдығы табылып жатыр. Соның бірі біз сөз етіп отырған – дулыға. Бұл жәдігердің ерекшелігі жайлы мамандар, «жасалу стилі таңданарлық нағыз шеберлік үлгісі деуге болады, бұндай керемет дулыға әлемнің еш жерінен кездеспейді» дей­ді. Расында, дулығаның тө­менгі жиегі қошқар мүйіз қа­зақы оюымен әспеттеліп, күн­қағарының үстіңгі бетіне де дәл осы ою бедерленген...

Жоғарыда құрып кеткен Құбылай флотының қал­ды­ғын Кензе бастаған жапон ға­лымдары ұзақ жыл зерттеп, шағын деректі фильм түсі­ріпті. Осы фильмді өт­кенде АҚШ-тың “Хистори Чай­нелл” телеарнасы көрсетті. Жа­пон ғалымдарының пайы­мы бо­йынша, дауылдың жыл­дам­дығы сағатына 200 шақы­рым­ды құрапты. Мұндай жағдай­да теңіз толқыны 10-20 метрге же­теді екен. Бұған ешқандай кеме шыдас бермесі анық.

Бірінші тұжырым, кемені жасаған қытай шеберлері осындай дауылдың дәл тамыз айында боларын бұрыннан білген. Сол себепті кеменің басты тірегі желкен байланатын ортаңғы бағанды әдейі осал етіп жасаған-мыс. Екінші тұжырым: Құбылай ханның жарлығын жедел орындау үшін шеберлер асығыстық танытып, бұрын шығыс Сүн елі қажетіне жаратып келген, өзен суына арналған кемелерді сәл-пәл теңізге лайықтап жасай салған-мыс.

Осы орайда айтпағымыз: «Сақалына сары шіркей ұялап, Миығына қара шыбын балалап, Жазда мал іздеген қазақтың, Басы қайда қалмаған», деп атақты жырау Шалкиіз бабамыз айтқандай, бабаларымыз мұрасы қайда қалмаған. Бірі тіпті Жапон теңізінің түбінен табылғанын көріп отырсыздар.

 



Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің ғылыми қызметкері

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента