ÓZGERIS

ҚР Қорғаныс министрлігі «ҚР Қарулы Күштерінен босатылатын адамдардың әлеуметтік бейімделуін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрық жобасын әзірледі.

Осы қағидалар «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңының 50-бабын 2-тармағын іске асыру үшін әзірленді. Құжат ҚР Қарулы Күштерінен босатылатын адамдардың әлеуметтік бейімделуін ұйымдастыру тәртібін айқындауға бағытталған. Бұйрық жобасының толық мәтінімен www.mod.gov.kz ресми сайтының НҚА жобалары бөлімінде танысуға болады.

***

 

ҚР Қорғаныс министрлігі «ҚР-ның мемлекеттік авиациясын штурмандық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің бұйрық жобасын әзірледі.

Аталмыш жоба «ҚР-ның әуе кеңістігі мен авиацияның қызметін пайдалану туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі ҚР Заңының 15-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзірленді. Құжат мемлекеттік авиацияның ұшуларын штурмандық қамтамасыз етуді ұйымдастырумен тәртібін айқындауға және штурмандық тұрғыдан ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бағытталған. Бұйрық жобасының толық мәтінімен www.mod.gov.kz ресми сайтының «НҚА жобалары» бөлімінде танысуға болады. 

 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"