Қорғаныс саласындағы байланыс артады

Қорғаныс саласындағы байланыс артады

ҚР Қорғаныс министрі Өзбекстанға ресми сапармен барды. Сапар Ташкентте Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Өзбекстанның қорғаныс ведомство басшысы  Баходир Құрбанов арасындағы ресми кездесумен басталды.  

Келіссөз барысында  тараптар әскери ынтымақтастықтың болашақ  бағыттарын талқылады және «Қалқан-2019» бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуының белсенді фазасы өткен «Шыршық» полигонына барды. «Өзбекстан Республикасы – өңірдегі, оның ішінде, қорғаныс саласындағы Қазақстанның негізгі серіктесі болып табылады. Жауынгерлік даярлық, кадрларды даярлау, сондай-ақ бірлескен іс-шараларға қатысу сияқты салалардағы елдеріміздің Қарулы Күштері арасындағы ынтымақтастық екі тараптың да мүдделеріне сай келеді» - деді ҚР Қорғаныс министрі әріптесімен кездесу барысында. Қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алуға арналған «Азалы ана» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Сапардың жалғасы ретінде министрлер «Шыршық» полигонына келді. Онда «Қалқан – 2019» бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуының  белсенді фазасы басталды. Олардың негізгі мақсаты - бірлескен терроризмге қарсы операцияларға дайындалу мен оны өткізуде  тәжірибе алмасу, сондай-ақ екіжақты әскери ынтымақтастықты дамыту және жауынгерлік бауырластықты нығайту. Сценарий бойынша әскери қызметшілердің басты міндеті заңсыз қарулы құралымды анықтау және жою бойынша бірлескен операцияны сәтті жүргізу болды. Шартты қарсыласты жою үшін авиация бөлімшелерге әуеден қолдау көрсетті. Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен  Өзбекстан  қорғаныс ведомствосының басшысы Баходир Құрбанов екі ел әскери қызметшілерінің кәсіпқойлығы мен бөлімшелер іс-қимылының үйлесімділігіне жоғары баға берді.  Ағымдағы жылдың сәуір айында екі ел арасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ Қазақстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің әскери аэродромдарында әскери әуе кемелерін қабылдауды, аэродромдық-техникалық қамтамасыз етуді және күзетуді ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылғанын айта кеткен жөн.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи