Қазақстанда 7 Иманғали Тасмағамбетов, 24 Дариға Назарбаева тұрады

Қазақстанда 7 Иманғали Тасмағамбетов, 12 Кәрім Мәсімов тұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметі бойынша, қазақстандық шенеуніктердің арасында ҚР Премьер-министрі Дариға Назарбаеваның аттасы көп екен. Елімізде 24 Дариға Назарбаева тұрады. Бұл тізімде Маңғыстау облысы көшбастап тұр. Еліміздің батысында 7 отбасы қыздарына вице-премьердің есімін берген. Сондай-ақ Алматыда – 5, ОҚО-да – 4 Д. Назарбаева бар. Олардың көбісі 1-13 жас аралығындағы қыздар. Сондай-ақ 48 жастағы Дариға Назарбаева да бар екен.

Ал Премьер-министр Кәрім Мәсімовпен аттас 11 адам бар. Үкімет басшысымен аттас балалардың көбісі Алматы облысында тұрады. Олардың негізгі жас мөлшері – 1-10 жас аралығында.

ҚР Ұлттық банктің төрағасы Данияр Акишевтің есімімен аттас 8 адам бар. Олардың ең кішісі 8 жастағы атыраулық Данияр Акишев. Ал еліміздің Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен аттас 7 азамат бар екен.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи