Патриоттық тәрбие. Талантымен танылған дарындар

Отан қашанда отбасынан басталатыны анық. Отан үшін қызмет ету, ұлтым деген ұлы сезімнің жүректе өмір сүруі отбасында берілетін тәрбиемен астасып жататыны сөзсіз. Сондай-ақ, тәрбиенің айқын бір көрінісі Отан алдындағы борышын ғұмырымен байланыстырған әскери қызметшілерде деп білеміз. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін, ел алдындағы қызметі жер талғамайтын бұл құрметті қызмет пен отбасын тең етіп ұстау екінің бірінің қолынан келмейтіні анық.

Әсіресе нәзік жандының жүгі ауыр десе болатындай. Осындай қызметті атқара жүріп, екі алтындай ұлды тәрбиелеп отырған, тәуелсіз елдің тұғырымен, төл тарихымен өсіп келе жатқан жас өнерпаздардың анасы іспетті болған, ел үшін еңбек етіп жүрген әскери қызметші, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қарулы Күштердің әскери оркестрлерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің аға офицері, капитан Омарғазина Кербез Нұранбайқызының отбасы жайлы әңгіме өрбіткенді жөн көріп отырмыз.
Кербез Нұранбайқызы – әскери қызметшілер арасында лайықты беделге ие, жоғары шығармашылық әлеуеті мен адамгершілік қасиеттері бар, ҚР Қарулы Күштерінде 22 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан біліктілігі жоғары кәсіби офицер. Ол – ерекше еңбекқор, өз мамандығының майталманы, зиялылығымен ортасына сыйлы қызметкер ғана емес, жарқын болашақтың бейнесіне айналар азаматтарға тәрбие беріп отырған абзал жан.
Осы орайда әскери тәртіппен қатар, өнер жолына бейімделіп келе жатқан ағайынды Нұрсұлтан және Сағадат Омарғазиндер туралы да кеңірек айта кетейік.
Нұрсұлтан мен Сағадат – өз дарындарымен көпшілікті мойындатып жүрген жас сарбаздар, халықаралық байқаулардың лауреаттары, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектебінің оқушылары.
Бүгінгі күні әлемнің озық сахналарында өнер көрсетіп, халықаралық дәрежедегі музыка шеберлерінің жоғары бағалауына ие болып, Елбасының да ақ батасын алған.

Нұсұлтанның қанжығасында бүгінгі күні жеткен жетістіктері аз емес. Бала күнінен еліміздің ғана емес, әлемнің атақты сахналарында қазақ атын шығарып, әлемдік туындыларды орындаған жас пианистің мынадай жетістіктері бар.

·                 8-ші Халықаралық «Астана-Мерей» жас орындаушылар байқауының II дәрежелі лауреаты (Астана қ., Қазақстан, 2012 ж. қараша);

·                 2-ші халықаралық «Таланттар салюты» жас орындаушылар фестиваль-байқауының I дәрежелі лауреаты (Астана қ., Қазақстан, 2013 ж. қараша);

·                 Николай Рубинштейн атындағы 12-ші Халықаралық пианистер байқауының I дәрежелі лауреаты (Баньоль қ., Франция, 2014 ж. қараша);

·                 25-ші халықаралық «FLAME» пианистер байқауының I дәрежелі лауреаты (Париж қ., Франция, 2014 ж. қараша);

·                 Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуевтің жетекшілігімен «Astana Piano Passion» 3-ші Халықаралық жас пианистер фестиваль-байқауының I сыйлық лауреаты (Астана қ., Қазақстан, 2015 ж. мамыр):

·                 Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуевтің арнайы жүлдесінің иегері;

·                 Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның «Үміт» арнайы сыйлығының иегері;

·                 А.Жұбанов атындағы 25-ші мерейтойлық халықаралық жас орындаушылар байқауының I дәрежелі лауреаты. (Алматы қ., Қазақстан, 2018 ж. қараша).

Ресейдің атақты пианистері, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Н.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясы оқытушы-профессорларының шеберлік сыныптарына қатысқан. Нұрсұлтан Омарғазиннің кәсіби деңгейін еуропалық атақты пианистер, Ресейдің Халық әртісі Д.Мацуев 2015 жылғы 2 мамырдағы баспасөз конференциясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2018 жылғы 28 желтоқсанда республиканың жетекші арналарының журналистерімен әңгімелесу кезінде жоғары бағалаған.

Нұрсұлтанның ізін жалғап, өнерден алыс кетпей жүрген бауыры Сағадат Омарғазиннің де алар асуы мен бағындырар биігі әлі алда десек болғандай. Қазір бар-жоғы 11 жасында-ақ, бір адамдай өнерпаз атанып, өзіне сырлы сазды скрипканы серік еткен Сағадаттың да белесі аз емес.

· «Almaty music games» музыкалық аспаптарда орындаушылар Республикалық байқауының «Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша I сыйлық лауреаты (Алматы қ., 2018 ж. сәуір);

· «Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша «Prima Nota Fest» Республикалық академиялық конкурс-фестивалінің I сыйлық лауреаты (Алматы қ., 2019 ж. маусым);

· А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауының «Скрипка» номинациясында I сыйлық лауреаты. (Алматы қ., , 2019ж., 2021 ж. қараша);

· «Аспаптық орындау – скрипка, соло» номинациясы бойынша XI халықаралық телевизиялық байқаудың I дәрежелі лауреаты (Мәскеу қ., 2020 ж. мамыр);

· «Біз біргеміз» халықаралық конкурс-фестивалінің I дәрежелі лауреаты (Волгоград қ., 2020 ж. мамыр) атанған.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан мен Сағадат Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап өткізілген «Егемен елдің ертеңі – Жас сарбаз» атты алғашқы жас патриоттар форуымының спикерлері қатарында болды. Жас патриоттар форумында сөз алып, өздерінің ел үшін еңбек ететінін ерекше толғаныспен жеткізді.

«Қазақ музыкасы арқылы елімнің болмысын, өнерін, атын әлемге паш етіп, қазақ деген елдің абыройын биіктету – менің және менің бауырымның басты мақсаты. Отан үшін, оның абыройы үшін тынымсыз қызмет етемін. Сонымен бірге замандастарымды еліміздің атын әлемге танытуға жұмыла күш салуға шақырамын», - деп зор сеніммен айтты Нұрсұлтан. Бұл сөздері арқылы көңілге үлкен сенім ұялатқанын жасырмау керек. Форум аясында ел ағаларына және мерекеге орай, халық арасында кең таралған Жаяу Мұсаның «Ақ сисасын» фортепиано мен скрипкада керемет орындап, өз шеберліктеріне тағы бір көз жеткізді.

«Құлақтан кіріп, бойды алатын» әуезді әуенмен әлемдік аренада қазақ халқының абыройын асқақтатуға үлес қосуға еңбектеніп жүрген қос майталманға білім нұрымен дамып, келешек күндердің бағдаршамына айналып, қазақ елінің биік абыройы, мәңгілік жеңісі болар жетістіктер жасайды деп зор сенім білдіреміз. Жарқын болашақ тілейміз!

 

Әсемхан ҚОБЫЛАНОВА,

«Жас сарбаз» жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының тілшісі

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"