Мәскеу қорғанысының 80 жылдығына арналған «За нами москва!» халықаралық көрмесі

2021 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде Ресей ынтымақтастық өкілдігі және Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшілігінің ҚР ҚК Әскери-тарихи музейімен бірлесе дайындаған Мәскеу шайқасының 80 жылдығына арналған «За Нами Москва!» атты Халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Оның мақсаты – нацистік Германия мен оның стеллиттерінің жеңілмейтіндігі туралы мифті жоққа шығарған Екінші дүниежүзілік соғыстың ең үлкен шайқасы туралы қалың жұртшылықты ақпараттандыру, Ұлы Отан соғысындағы алғашқы ұлы жеңісіміз және Мәскеуді қорғаудағы қазақстандық әскери құрамалардың рөлі туралы шындықты жеткізу.
Көрмеде Мәскеу қаласы Мемлекеттік қорғаныс музейінің, ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің, Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің (Жауынгерлік даңқ музейі), М. Ғабдуллин атындағы музейінің, сондай-ақ Бауыржан Момышұлы музейінің (Қызылорда облысы) жәдігерлері, аса құнды фотоматериалдары мен мұрағаттық құжаттары ұсынылады.

Көрме аясында Б. Момышұлының «За нами Москва» кітабының Ресейдің Қазақстандағы елшілігі, Нұр-Сұлтан қаласындағы Орыс үйінің қолдауымен «Qasym» баспасымен жасалған жаңа басылымының тұсаукесері өтеді.
Көрменің құрметті қонақтары Б. Момышұлының немересі –
Е.Б. Момышұлы, И. В. Панфиловтың немере қызы – А. Б. Байқадамова болады.

Дәл осы күні «Артымызда Мәскеу! Біз бірге оқимыз » атты онлайн-марафон өз бастауын алады. Б.Момышұлы романының тарауларын белгілі актерлар, режиссерлер, саясаткерлер, спортшылар, ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, сонымен қатар қарапайым интернет қолданушылары оқитын болады. Жалпы алғанда, марафон 12 сағаттан астам уақытқа созылады және Қазақстанның көптеген қалаларында өтеді. Тікелей эфир сағат 11:00-де pobedakz.com сайты мен Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің Youtube арнасында басталады.

Мәскеу түбіндегі шайқаста Қазақстанда құрылған 316-атқыштар дивизиясы (генерал-майор И.В. Панфилов), 238-атқыштар дивизиясы (полковник Г. П. Коротков), 312-атқыштар дивизиясы (полковник А. Ф. Наумов), 39, 74 жеке атқыштар бригадасы, 75 жеке теңіз атқыштар бригадасы ерекше көзге түсті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"