Халықаралық көрмеде жүлделі орын алды

Шығыс Қазақстан облысы кинологтары қоғамдық бірлесігінің бастамасымен Семей қаласында барлық тұқымдағы иттердің «КҮЗ 2018 - Ертіс жағалауындағы кездесу» атты халықаралық сертификаттық көрме өтті. Оған Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының
сержанты Серік Зайкенов ұлы Айсұлтанмен қатысты.

   Көрмеде Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының қызметтік иттер бөлімшесі дайындаған лабрадор-ретривер (лақап аты «Умка») және бельгиялық овчарка малинуа (лақап аты Айбат) қатысып, өз тұқымдастары арасында бірінші орынды жеңіп алды. Жүлдегерлер мақтау грамоталарымен және төс белгілерімен марапатталды. Көрермендер көзайымына ие болған Айбат қосымша ВІS –II кубогін ұтты. Сондай-ақ, отбасы күніне орай өткізілген «Бала және ит» номинациясы бойынша Айсұлтан Серікұлы Зайкенов лабрадор–ретривер итімен «Бэтман» мультипликациялық фильмінен үзінді көрсетіп, қазылардың жоғары бағасын алды. Жасақ басшылығы қызметтік иттер бөлімінің аға маманы сержант Серік Зайкеновке жеке құрамның алдында құрмет көрсетіп, бастамашылдығы және қоғамдық жұмысқа белсене араласқаны үшін марапаттады.

   Айта кетейік, Серік Зайкенов Отан алдындағы азаматтық борышын өтемей тұрып, «Семей Базары» ЖШС кинолог қызметін атқарды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2086 әскери бөлімі шекара заставасында кинолог болды. Бүгінде Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының аға маманы. Әскери қызметшінің қарамағындағы қызметтік иттер арнаулы күтімде. Үйретілген, жан-жақты жаттыққан.

Кинолог үйреткен Балу мен Лорд есімді қызметтік иттер бірнеше мәрте халықаралық деңгейдегі жиындарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Жарылатын оқ-дәрілер мен есірткі заттарының бар-жоғын анықтау мақсатындағы 184 шарада екі оқиғаның ашылуына да септігін тигізді. Мәселен, РФ ҚК әскерилерімен бірлескен стратегиялық командалы-штабтық «Орталық – 2015» жаттығуына, 2015 жылы тұңғыш рет Семей өңірлік гарнизонының әскери полициясы жасағы және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 35411 әскери бөлімінің жетекшілігімен өткен «Шығыс» жалпыәскери полигонындағы әскери міндеттілердің оқу әскери жиынына да тартылды. С.Зайкеновтың жетектеуімен бельгиялық овчарка «Жек» пен неміс овчаркасы «Рекс» қызметтік міндеттерін өте дұрыс орындап, басшылық тарапынан талай рет марапатталды. Сержант Серік Зайкенов үздік кинолог қана емес. Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатының (Астана, 2006) күміс жүлдегері, республикалық жарыстардың (Астана, Семей, 2007-2008) үш мәрте қола жүлдегері.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"