Елорданың кадет сыныптарына салтанатты түрде ту табыс етілді

Астанада елорданың 20 жылдығын мерекелеуге орай жалпы білім беру мектептерінің кадет сыныптарына салтанатты түрде ту тапсыру рәсімі өтті. Туды тапсыру рәсіміне Қорғаныс министрлігінің, Бас әскери прокуратураның басшылығы, Білім және ғылым министрлігінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері, оқушылардың ата-аналары мен шақырылған қонақтар қатысты.

«Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қоғам қозғалысы штабының басты басымдықтарының бірі кадет сыныптарының ашылуы болып табылады. Бүгінгі таңда әскери-патриоттық қозғалыс мемлекеттік және жастар ұйымдарымен бірлесе елімізде әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру бойынша республикалық деңгейде 130-дан аса іс-шара өткізді. Олардың қызметінің арқасында әскери-патриоттық клубтардың саны шамамен 73 000 баланы қамти отырып, 2800-ден аса клубқа жетті.
Кадеттер – ол болашақ сардарлар, Отан қорғаушылар. Қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде 2800-ден аса бала білім алып жатқан 100-ден астам кадет сыныбы ашылды. Кадет сыныптарының тәрбиеленушілері өмірге анағұрлым бейімделген. Олар негізгі пәндермен қатар әскери мамандықтың қыр-сырын, менталды арифметиканы, биді, атқа мінуді, қоян-қолтық ұрыстың айла-тәсілдерін, шет тілдерін, әдепті оқып-үйренеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"