Бұл газеттің мен үшін орны қашанда айрықша

Бұл газеттің мен үшін орны қашанда айрықша

Айбынымыз әрдайым асқақ, байрағымыз қашанда биік болу үшін, әрине, етек-жеңімізді қымтап, қорғаныс саласын мықтағанымыз жөн екені даусыз. Ол үшін алдымен елді қорғаушы сарбаздарымыздың рухы сергек әрі биік болуы тиіс. Ал әскерді ұлы істерге итермелеп, дем беретін алдымен сөз құдіреті емес пе?

Осы орайда ғасырға жуық уақыт сарбаздармен етене жақын «сырласып», тіпті сонау сұрапыл жылдары майдан даласынан да хабар таратқан «Сарбаз» газетінің мен үшін орны қашанда айрықша. Өйткені әскердің тек физикалық дайындығы ғана емес, анығында, ең алдымен моральдық, рухани дайындығы мықты болу керек. Ал бұл газет 90 жыл бойы осы бағытынан айныған емес. Еліміздің әрбір әскери бөлімі мен сарбазы аталмыш басылымнан рухани нәр алып, жан-дүниесін байыта түсуде, елге, Отанға деген патриоттық сезімі ұлғая түсуде деп ойлаймын. Болашақ, жас сарбаздарды тәрбиелеуде де газеттің ұстанған бағыты сүйсінтерлік.

Санаулы күндерден соң 90 жылдық торқалы тойын атап өткелі отырған басылымның барша ұжымын мерейтойларымен шын жүрекпен құттықтап, әскери-патриоттық бағыттағы ерен еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер дегім келеді!

Подполковник Арман Чокоев, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 28903 әскери бөлімінің командирі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи