«Айбын» әскер жасына дейінгі жастар жиыны: қатысушылар мен көрермендер үшін жаңа мүмкіндіктер

Қазақстанда «Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталады.  Биыл ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады және 6 қазан мен 30 қараша аралығында онлайн режимінде өтеді.

Жиында 14 пен 18 жас аралығындағы жастар әскери-патриоттық клубтың атынан да, жеке де сайысқа түсе алады. Сонымен қатар, олар Ол үшін AppStore және Play Market қосымшасын смартфонға жүктеу арқылы «Айбын» мобильді қосымшасына тіркелу қажет.
Барлық жарыстар мен байқаулар қатысушылардың нормативтер мен тапсырмаларды орындау барысындағы видеоны мобильді қосымшаға жүктеу базасында ұйымдастырылады.
– Байқаулардың барысын интернет-қолданушылары веб-сайт және «Айбын» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады. Бұл жиынды өткізудің ашықтығын қамтамасыз етеді, – деді Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев.
Биыл жиын бағдарламасында жаңа жарыс түрлері енгізілді: «Жас Сарбаз – жас тілші» атты жас тілшілер байқауы және тоғыз-құмалақ ұлттық ойынының онлайн-турнирі. Алғаш рет тұрақты негізде «Жас Сарбаз Хаб» коворкинг-орталығы іске қосылады. Бұл ретте әр сенбі сайын жиын аясында шеберлік сабақтары, тренингтер, танымал адамдармен кездесулер өткізу жоспарлануда.
Жарыстың тұжырымдамасы, ережесі, регламенті онлайн-платформада орналастырылған.
Жеңімпаздарды марапаттау мен жиынның жабылу рәсімі «Егемен елдің ертеңі – Мен Жас Сарбаз» бірінші жас патриоттар форумы аясында 30 қарашада өтеді. Оған жүлделі орындар иеленген командалардың капитандары қатысады.
«Айбын» жиынының қатысушыларына арналған қалған сыйлықтар өңірлерге жеткізіледі және салтанатты рәсімнің онлайн-трансляциясы аяқталғаннан кейін гарнизон басшыларымен және ардагерлерімен табысталады.
Айта кетейік, «Айбын» әскери-патриоттық жиыны 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде де оның танымалдығы артып, өзіндік дәстүрлері пайда болды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"