Армияда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Алматыда Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Отырыс барысында Десанттық-шабуылдау әскерлері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшыларының, Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Алматы аудандық пайдалану бөлімі бастықтарының баяндамалары тыңдалды.
Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың санын биылғы бес айы мен өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға төмендеген. Бұл көрсеткіш жемқорлыққа әрі қарай бей-жайға қарауға себеп бола алмайды. Қорғаныс ведомствосының міндеті – әскери қызметшілерге қызметтік жағдайын пайда көру мақсатында пайдалануға жол бермеуді жеткізу.
- Кейбір заң бұзған лауазымды адамдарға қарап, жазасыз қаламын деп ойлау дұрыс емес. Көптеген сыбайлас жемқорлық фактілері айлар, тіпті жылдар өткен соң анықталады. Демек, бірде-бір сыбайлас жемқорлық қылмысы назардан тыс қалмайды, заңды бұзуға жол берген кінәлі лауазымдылар жауапкершілікке тартылады, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.
Жемқорлықты болдырмау үшін бағыныстылардың құқықтық мәдениетін арттыру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізу ұсынылды. Кадрларды іріктеуде олардың мінсіз қызметіне қарау ережелерін сақтауы тиіс.
Аталмыш отырыста сондай-ақ, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, қоғам өкілдерімен, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөнінде нұсқаулар берілді.
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев Алматы гарнизонының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияға  айтылған ұсыныстарды іске асыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"