Ақтөбеде 5 қаруымен жерленген сарбаздар табылды

Ақтөбеде сармат кезеңіндегі бес қаруын асынған сарбаздардың сүйегі табылды.


Биылғы далалық маусымда ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты еліміз бойынша әр тарихи кезеңдерді қамтитын оннан астам нысанда археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кезекті зерттеулердің бірі –Ақтөбе облысының Қобда ауданында орналасқан ж.с.д. VI–V ғғ. жататын Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешенінде жалғасты.+

Осы кешенде биыл атқарылған жұмыстар мен алынған мағлұматтар туралы экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлы қысқаша баяндап берді.

«Савроматтық жергілікті билік әулеті өкілінің құрметіне салынған Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешеніндегі зерттеу жұмыстары 2011 жылы басталған-ды. Кешенді зерттеулер барысында ескерткіштің айналасынан әр тарихи кезеңнің 7 жерлеу орны мен 2 ғұрыптық рәсімдер атқарған нысандар зерттелінді. Ірі архитектуралық ескерткіш саналатын диаметрі 50 м, биіктігі 4,7 м топырақ үйінділі обада қазба жұмыстарын жүргізу барысында екі жауынгердің жерлеу орны ашылды», - дейді ол.

 «Ер қуаты – қаруы» дегендей, екі жауынгер ату қаруы – оққа толы қорамсақты садақпен (садақтың тек ізі сақталынған), түйреу қаруы – темір ұшты найзасымен және кесу қаруы – қылыш, қанжарымен бірге жерленген. Оба үйіндісінің ортасындағы негізгі қабірдің шетіне қойылған үшінші жауынгердің қорамсағынан 184 қола жебе табылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"