Ақмолалық ата-аналар әскердегі балаларымен онлайн режимде сөйлесті

Бұл шара Ұлттық ұланның Көкшетаудағы 55/10 әскери бөлімінде ұйымдастырылды. Бүгінде облыстан аттанған 714 сарбаз еліміздің әр өңіріндегі Ұлттық ұланның сапында өздерінің әскери борышын өтеп жүр.

Сағат 09:00-ден бастап әскери бөлімнің маңына ақмолалық ата-аналар көптеп жиналды. Олар алдымен сарбаздардың күнделікті өмірімен танысты. Ұрыс жаттығуларын көзбен көріп, әскери бөлімнің асханасы мен казармасын аралап шықты. Одан кейін қару-жарақтар мен әскери көліктерді тамашалады.
 Сайран Елубаев, Көкшетау қаласының тұрғыны: - Бүкіл физдайындықты, асхананы да, ұйықтайтын жерлерін, бүкілін өз көзімізбен көріп қуаныштымыз. Бүкілі жақсы екен. Әдемі. Осы жолы шақырғанда әдейі көріп кеттім. Ал еліміздің басқа өңірінде әскери борышын өтеп жүрген ақмолалық сарбаздармен онлайн байланыс өте әсерлі болды. Кейбір ата-аналар тіпті тосынсыйға кенелді. Көкшетаулық Арслан Идаят бір айдан бері інісінен хабар ала алмай жүр екен. Енді ойламаған жерден онлайн байланысы арқылы бауырын тауып алды. Енді сарбаздың ата-анасы мен туыс-туғандары ұландықтарға дән риза. Арслан Идаят, Көкшетау қаласының тұрғыны: - Жап-жаңа ғана ініммен сөйлесіп, қуанып қалдым. Көп рақмет! Үш минуттың ішінде бүкілін шешіп берді. Әке-шешесі бір ай болды хабарын білген жоқ. Қазір тікелей эфирде сөйлесіп алдым. Ашық есік күні барысында Ұлттық ұланның қолбасшылығы ақмолалық ата-аналармен арнайы жиын өткізді. Ондағы мақсат – сарбаздардың көңіл-күйі мен оларды және олардың жақындарын толғандыратын мәселелерді ортаға салу.
 Мұхаметқали Сатов, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары: - Мәселен, біз білеміз, сарбаздарда қиын жағдай боп қалғанда, олар бірден әке-аналарына хабарласады. Сонда біз тез көмек беру үшін әскер бөлімінде, осы Ақмолада, осы Көкшетауда әйелдер кеңесінің төрайымы бар. Соның телефонын береміз. Әке-аналар бірден онымен кездеседі. Қандай қиын жағдай болса, біз бірден білеміз. Бала қай жерде әскери міндетін өтеп жатса, біз сонда барып бірден көмегін береміз. Халыққа ашық болу керек. Ата-аналарына. Айта кету керек, осындай ашық есік күндерін әскерилер енді жылына екі рет тұрақты түрде өткізіп тұруды көздеп отыр. Ал, сарбаздармен онлайн байланыс биылғы жылдың соңына дейін еліміздегі барлық Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде ұйымдастырылмақ.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"