Алматыда террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі белгіленді

Бүгін, 18 шілде күні,  Астана уақытымен сағат 12:20-да Алматы қаласының аумағында террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі белгіленді, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын аталған деңгейде қарастырылған талаптарды сақтауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қызыл» деңгейлі қауіп орнаған кезде жеке заттары мен транспорт құралдарын тексеруге және қозғалысты уақытша шектеуге немесе тоқтатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы деңгейде еш кедергісіз тұрғын үйлерге және басқа да ғимараттарға кіре беруге рұқсат бар. Телекоммуникациялық жүйе каналдары арқылы берілетін ақпарат пен келіссөздерді бақылау тәрізді шаралар да қабылданады. Барлық арнайы қызметтің әскери дайындығы күшейтіліп, әуежайлар, теңіз порттары мен метрополитен объектілерін, темір жолдар мен автобекеттерді арнайы құралдармен тексеру кезіндегі режимдердің қатаңдатылуы тәрізді шаралар жүргізіледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"