Әскери мектептердің тәрбиеленушілері Отанға адал болуға ант берді

Шымкент пен Қарағандыдағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің тәрбиеленушілеріне ұландар куәліктері салтанатты түрде табыс етілді.

2021 жылы «Жас ұлан» мектебіне еліміздің әр өңірінен қатаң іріктеуден өткен 900-ден астам жасөспірім оқуға түсті.
– Мен әскери қызметшілердің отбасында өстім. Сондықтан бала күнімнен әскери адам болуды армандадым. «Жасұлан» мектебіне түсіп, ант беру – менің болашақ мамандық таңдауыма жасаған алғашқы қадамым. Бүгін мен оқуда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге және ұлан атағын мақтанышпен алып жүруге салтанатты түрде серт бердім, – деді Қарағанды мектебінің тәрбиеленушісі Мәди Аманжолов.

Бұған дейін Алматыда Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жасұлан» республикалық әскери мектебінің 297 тәрбиеленуші ұландары ант берген болатын. Іс-шара дәстүрлі түрде қазақтың даңқты батыры, әскери қолбасшының туған күніне орай өтті.

«Жасұлан» республикалық әскери мектептерінде бозбалалар әскери істің қыр-сырын ұғынып, темірдей тәртіп пен жауапкершілікті үйренеді. Оқыту интернаттық жүйеде ұйымдастырылған. Мектеп түлектерінің көбі Қарулы Күштердегі қызметін жалғастыру үшін әскери оқу орындарына түседі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"