KADEX - 2016 - көпбағытты байланысқа жол ашқан көрме

«KADEX-2016» халықаралық көрмесі жалпыхалықтық мерекеге айналды десек, әсте қателесе қоймаспыз. Мұны көрме есігін елорда тұрғындары мен қала қонақтарына айқара ашқан күндерде анық аңғардық. Аталмыш көрменің сырт жағы көліктерге лық толса, ал іші халықтың көптігімен көз тартты. Әскери техникаларды жақыннан көруге ұмтылған адамдардың ұзын-сонар кезекте тұруының өзі біраз жайды аңғартса керек. «KADEX-2016» халықаралық көрмесінің бұқаралық сипат алуы жайында газетіміздің 4-5 беттерінде кеңірек жазылды. Сондықтан төмендегі мақалада іскерлік бағыттағы жеткен жетістіктерді тізбелеп шығуды ұйғардық.

«KADEX-2016» көрмесінің негізгі мақсаты әскери техникалар мен қару-жарақ түрлерінің отандық өндірісін өркендету және оны өзге елдерге экспорттау екенін ескерсек, көрменің алғашқы күні шетелдердің қорғаныс ведомстволарымен қойылған шарттардың маңызы айрықша. Мәселен, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ  Украина және Беларусь Республикасымен 3 маңызды келісімшарт жасасты. Оның нәтижесінде қазақстандық жылу визиялық камераларды Беларусь еліне экспорттау жоспарланып отыр. Яғни, «КАЕ» қазақстандық компаниясы белоруссиялық «Пеленгке» оларды әрі қарай көздеуіш кешендеріне орнату үшін жылу визиялық камераларын жеткізуге ниет білдіріп отыр. «КАЕ» ЖШС бас директорының орынбасары Әбиюр Алшымбаев пен «Пеленг» ААҚ бас директорының орынбасары  Сергей Литвяков  «KADEX-2016»  халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің алаңында өзара түсіністік туралы тиісті меморандумға қол қойды.  Украиналық «Мотор Сич» АҚ «Қазақстандық авиациялық индустрия» (ҚАИ) ЖШС-ға Ми-20 және Ми-8 тікұшақтарын жаңғырту және Ми-8 тікұшақтарына арналған қозғалтқыштарды күрделі жөндеу бойынша технологияларды береді.  Тиісті лицензиялық келісімге «Мотор Сич» АҚ президенті Вячеслав Богуслаев пен «ҚАИ» ЖШС бас директоры Қайрат Жауханов қол қойды.  Одан басқа, бейсенбі күні «ҚАИ» ЖШС келешекте мұндай жұмыстарды АТО-да ұйымдастырумен белоруссиялық «558-авиажөндеу зауыты» АҚ-та Су-25 үлгісіндегі ұшақты күрделі жөндеу және жаңғырту үшін келісімшартқа қол жеткізілді.  Қазақстандық «Қазтехнологиялар» компаниясы патрон зауытының болашақ өнімін жеткізу жөнінде БАӘ, Ұлыбритания және Болгариямен 3 меморандум жасалды.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштеріне арналған зымыран-артиллериялық корабльді сатып алу жөнінде «Диарсан» түрік компаниясымен меморандумға қол қойылды. 


***

Ал, «KADEX-2016» көрмесінің екінші күні шетелдік компаниялармен өзара уағдаластық әрмен қарай жалғасты. Егер көрменің алғашқы күнінде шетелдермен 6 келісімшарт жасалса, ал келесі күні отандық кәсіпорындар осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырды. «KADEX-2016» іскерлік алаңында қазақстандық «Қазтехнологиялар» компаниясы ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен Қытай Халық Республикасымен 2 келісімшарт жасасты. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаевтың қатысуымен ірі калибрлі оқ-дәрілерді өндіру бойынша «Norinco Corp» компаниясымен технологиялар мен жабдықты беру жөнінде меморандумға қол қойылды. Маңызды талқы ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін тұрғын үй қорын құратын бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандум болды. Сондай-ақ «Қазтехнологиялар» «Град-1» ДАЗЖ-ға реактивті снарядтарды жаңғырту және сынамадан өткізу бойынша ресейлік «Сплав» МӨБ компаниясымен меморандум жасалды. Одан басқа, тағы да бір болгариялық компаниямен және ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровтың қатысуымен ҚР Қарулы Күштерінің ӘТК үшін зымыран-артиллериялық корабльді жеткізу жөнінде «Abeking&Rasmussen» неміс компаниясымен ниет туралы меморандумға қол жеткізілді. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компаниялар тобы бүгінгі күні 12 құжатқа қол қойды. Олардың бірі – «КАЕ» компаниясы ұшқышсыз ұшу аппараттарына оларды әрі қарай кіріктіру үшін инфрақызыл линзалар мен жылу визиялық приборларды жеткізу жөніндегі меморандум. «Семей инжиниринг» зауыты Мянмаға конверсиялық техниканы экспорттауға ниетті. Қазақстандық зауыттың басшылығы «MCM Pte Ltd» компаниясының өкілдерімен келісімшартқа қол қойды. Техниканың жеткізілу мерзімі 18 айдың ішінде жоспарлануда. Ресейлік «Қорғаныс жүйелері» компаниясы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-қа радиоэлектрондық күрес және радиотехникалық барлау құралдарын жеткізіп беруге дайын. Осыған байланысты екіжақты тәртіптегі келісімге қол қойылды. «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне ЕС-125 7 тікұшағын, «ҚазМедЭйр» ЖШС-ға ЕС-130 18 тіұшағын жеткізіп беру бойынша ниет туралы меморандумдарға қол қойды. Сонымен қатар «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» пен «Казавиаспас» АҚ қолданыстағы ЕС-145 борттарына техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ тікұшақтардың аралас флотын қосымша сатып алу ниеті туралы меморандум жасасты. «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ және испандық «SAES» компаниясы теңіз миналарының бірлескен өндірісін игеруді жоспарлауда. Ниет туралы тиісті меморандумға «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ бас директоры Александр Гнеломедов пен «SAES» бас директоры Антонио Кордеро қол қойды.



***

«KADEX» көрмесі үшінші күнінің қорытындысы бойынша «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 45 миллиард теңгеге бірқатар шетелдік компаниялар және қазақстандық кәсіпорындармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісім жасасқаны белгілі болды.  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың басшылығы,  сондай-ақ еншілес ұйымдардың жетекшілері қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің өкілдері және шетел мемлекеттерінің жетекші қару-жарақ пен әскери  өндірушілерімен 40-тан аса кездесу өткізді. Сонымен, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-пен келіссөз жүргізу нәтижесінде «405-АЖЗ» АҚ  және «Ресей тікұшақтары» АҚ ресейлік өндірістің тікұшақ техникасына сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуді кеңейту мақсатында 2020 жылға дейінгі кезеңге бірлескен жобалардың Жол картасына қол қойды.   «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ пен  ресейлік «Қорғаныс жүйелері»  «Репеллент» шағын көлемді ұшқышсыз ұшу аппаратары және «Автобаза-М» жерүсті радиотехникалық барлау кешені бар радиоэлектрондық күрес кешендерін жеткізу аясында келісім жасасты.  «КАЕ» ЖШС  «СТТ ҒЗИ» АҚ-пен (РФ) көздеуіш кешендеріне жылу визиялық камераларды кіріктіру туралы белоруссиялық «Пеленгпен» ҰҰА-ға әрі қарай кіріктіру үшін инфрақызыл линзалар мен жылу визиялық камераларды жеткізу туралы тиісті құжатқа  қол қойып, ымыраға келді. «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ пен «Elcom innovations» үнді  компаниясы көрме алаңында радиоэлектроника және байланыс аясындағы ынтымақтастық туралы,  «ПЗТМ» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС  және  израильдік «Elbit Systems» компаниялары кері серпілісті құрылғылар мен механикалық жетектері бар 120 мм минаатқыш негізінде жүйені өндіру бөлігінде меморандум жасасты.  «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ пен  испаниялық «SAES» компаниялары теңіз миналарын бірлесіп өндіруді меңгеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы меморандумға компания басшылары «KADEX-2016» көрмесінің екінші күні барысында қол қойды. Ірі келісімшарттардың бірі – Мьянмаға конверсиялық техниканы жеткізу болды. «Семей инжиниринг» АҚ «MCM Pte Ltd» өкілдерімен келісімшарт жасасты.  Әскери және азаматтық мақсаттағы жаңғыртылған техниканың экспорты туралы тағы бір меморандумға болгариялық «Металика – АБ ЕООД» компаниясымен қол қойылды.     «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС-ға (ҚАИ) Ми-2 және Ми-8 тікұшақтарын жаңғырту бойынша технологиялар мен Ми-8 тікұшақтарына арналған қозғалтқыштарды күрделі жөндеуді беру туралы «Мотор Сич» АҚ-пен (Украина)  кәсіпорынмен  келісімге қол қойылды. Су-25 үлгісіндегі ұшақты күрделі жөндеу мен жаңғырту келісімшартына белоруссиялық «558-авиажөндеу зауытымен» қол қойылды. «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС (ЕСКИ) бірқатар қазақстандық компаниялар  мен мемлекеттік құрылымдарға өзінің тікұшақтарын ықтимал жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.   



***

Көрме өткен 4 күн ішінде қазақстандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің күш-қуаты молынан көрсетілді. Атап айтқанда, ZLIN  оқу ұшақтары, C-295 жеңіл көлік ұшақтары, Су-30 СМ жойғыштары, Ми-171Ш тікұшақтары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, «Арлан», «Барыс» броньдалған машиналары, жаңғыртылған танктер – осының барлығын және көптеген өзге де қызықтарды көрермен тамашалауға мүмкіндік алды. Одан басқа, көрменің маңызды құрамдасы іскерлік бағдарлама, яғни,  халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференция, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер болды. Демонстрациялық және іскерлік бағдарламалар негізгі міндетке қол жеткізуге, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін қарқынды дамытуға, инвестицияларды тартуға, жетекші халықаралық өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Ашық есік күндері, яғни, 4-5 маусымда көрмеге елорда тұрғындары мен қала қонақтары көптеп  келді.  Егер ересектер экспонаттардың техникалық сипаттамаларын зерделеп, қойылған үлгілерді салыстырса, балалар емін-еркін танктердің, ұшақтар мен тікұшақтарды тамашалады. Көрме қонақтары үшін орталық әскери оркестрдің музыканттары плац-концерт қойып, құрмет қарауылы ротасы өз өнерлерін ортаға салды.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"