Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі подполковник Эндрю Холтон Алматы қаласына қызмет бабымен барды.
Әскери атташе «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасының менеджері Габриэль Фарреллмен бірге Тілендиев ауылындағы оқу-жаттығу орталығына барды. Олар ағылшын тілі сабағының өткізілуін бақылап, ауызша сөйлеуді жетілдіруден тәжірибе сабағын өткізді.
Сапар әрі қарай Бітімгерлік даярлық орталығында жалғасты. «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасын іске асыру шеңберінде қазақстандық тарапқа компьютерлік және оған қосымша жабдықтар, оқу әдебиеттері, мерзімді басылымдар, сондай-ақ оқу сыныптарына қажетті жиһаз берілді.
– Біз Ұлыбританиямен қазақстандық бітімгерлік контингентінің әлеуетін нығайту мен олардың тілдік даярлық сапасын арттыру аясында қол жеткізген ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалаймыз. Британдықтардың көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз. Жаңа жабдықтар мен материалдар оқу үрдісін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береріне сенімдіміз, – деді Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік даярлық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығматуллин.