Ұлы Жеңіс күні орай бір топ зиялы қауым Семей қаласының шетіндегі бауырластар зиратына тағзым етті.

Ұлы Жеңіс күні орай бір топ зиялы қауым Семей қаласының шетіндегі бауырластар зиратына тағзым етті. Бауырластар зиратындағы қаралы жиынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 28738 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Игорь Тихоненко ашты.

Ол бауырластар зиратында 1941-1945 жылдары Семейдегі 3593 әскери госпиталінде қайтыс болған Ұлы Отан соғысының 48 жауынгері жерленгенін, бұған қоса белгісіз сарбаздың бейіті де бар екенін баян етті. Жиналған жұрт от пен оқ кешкен батырларды еске алып, бір минут үнсіздікте тұрды. Бұдан кейін ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, Анголадағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан запастағы генерал-майор Александр Мартынов, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің Семей қалалық кеңесі төрағасының орынбасары Алмагүл Жұмағұлова, Ауған соғысы ардагерлерінің Семей қалалық кеңесінің төрағасы Боранбай Бегатов сөз сөйледі. Олардың айтқан сөздері бір жерге тоғысты. Барлығы да бауырластар зиратына келудің өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейтінін айтты.

   Тарихи деректерге жүгінсек, екінші дүниежүзілік соғыс жылдары көрсеткіші жоғары әскери емдеу мекемелерінің қатарында Алматы қаласындағы 3990, 3582, 1279, Шымкенттегі 3981 және Семей қаласындағы 3593, 2449  эвакуацияланған госпитальдары болды. Госпитальдар мен өзге де әскери медициналық мекемелерде барлығы 200 мыңнан астам дәрігер және орта білімі бар 500 мың медициналық қызметкер Кеңес Армиясы мен Әскери Теңіз Флотының 10 миллионнан астам жаралы жауынгеріне көмек берді. Госпитальдар жәрдемінің арқасында жаралылардың 73 проценті, тылдағы эвакуацияланған госпитальдарда емделгендердің 56 проценттен астамы кеңес әскерінің сапына қайта қосылды. Ал, Семейдегі 3593 әскери госпиталі 1941 жылы қыркүйек айында құрылған болатын. Жұмыстың қиындықтары мен ерекшеліктеріне қарамастан, госпиталь қызметкерлерінің күшімен 1943-1945 жылдары 2796 ота және 3218 жаралыға протез жасалды.

   Бауырластар бейітінде жерленген 48 жауынгер жайындағы дерек Санкт-Петербург қаласындағы Әскери медициналық музейдің әскери медициналық құжаттар қорында сақтаулы. Құжаттар қорының мәліметіне қарағанда, 1941-1945 жылдары Семейдегі 3592 эвакуацияланған госпитальда 46 адам, 3593 эвакуацияланған госпитальда 48 адам қаза тапқан екен.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"