Ұлттық қорғаныс университетінде алғаш рет батальон сержанттарының даярлығы өтті

Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында алғаш рет батальон сержанттарының курстық дайындығы өтті. Курстың мақсаты тактикалық басқару буынының әскери мамандарын даярлау болып табылады.

Бұл ретте дайындық бөлімшелерді жауынгерлік басқару негіздерін, күнделікті қызметті басқару мәселелерін, бейбіт уақытта бөлімшелердің тәрбие және идеологиялық жұмысын зерделеуге бағытталған. Бір ай бойы жоғары әскери оқу орнының базасында өткен оқыту қорытындысы бойынша кешенді емтихан өткізілді. Қорытынды тексерістен ойдағыдай өтіп, білімдерін растаған сержанттарға белгіленген үлгідегі куәліктер тапсырылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сержанттарды даярлауға үлкен мән берілуде. Себебі, дәл осы сержанттар корпусы армияның жауынгерлік қабілеттілігін нығайту жөнінде бірқатар маңызды тапсырмаларды орындайды. Бұл сарбаздардың жеке жауынгерлік және дене даярлығы, әскери тәртіпті ұстап тұру және әскери қызметшілерді тәрбиелеу, әскери қызмет өткерудің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану. Әртүрлі деңгейдегі сержанттар корпусының өкілдері үшін бүгінде Ұлттық қорғаныс университеті, Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы, сондай-ақ, ҚР ҚК әскери бөлімдерінің оқу-жаттығу орталықтарының базасында тиісті оқыту курстары қолжетімді болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"