Ұлттық әскери-патриоттық орталығында тіл мерекесі өтті

Таяуда Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР ҚМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Тіл мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

–  Тілдер айлығы қорытындысы ретіндегі бұл іс-шараға ҚР Қарулы Күштерінен іріктеліп алған 7 команда қатысқалы отыр. Команданың негізгі құрамы – 5 адам. Топтағы сол бес адамның екеуі немесе үшеуі өзге ұлт өкілдері болуы шарт. Олар өнерлерін мемлекеттік тілде паш етеді», - деді сайыс алдында аталмыш басқарма бастығы полковник Халжан Омаров.

Күй күмбірімен, ән әуенімен шымылдығы түрілген шара барысында ҚР ҚК Бас Штаб бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов сөз сөйледі. Ол жыл сайын өткізіліп жүрген осы бір шараның мемлекеттік тілді дамытудағы зор үлесіне және оның Қазақстан елдері арасындағы достық пен бірлікті, ынтымақтастықты насихаттаудағы рөліне тоқталды. Соңында сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ниеттестігін жеткізді.

Мұнан соң жеребе бойынша өнер көрсететін командалар сахнаға шықты. Олар: Әуе Қорғаныс күші Бас қолбасшысы  басқармасының «Достық» командасы, Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының «Сарыарқа» командасы, Байланыс бас басқармасынан «Арыстан» командасы, Ұлттық қорғаныс университетінің «Шаңырақ» командасы, Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысы басқармасының «Ақсұңқар» командасы, Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің «Бәйтерек»,  Тыл Бас басқармасынан «Бірлік» командасы.

Сайысқа қатысушылар алдымен таныстыру кезеңі бойынша өнерлерін ортаға салды. Бірінен кейін бірі шыққан команда құрамы өздерін мемлекеттік тілде өлең жолдарымен таныстырды. Солардың ішінде Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының «Сарыарқасы» сахнаға шыққанда залдағы жанкүйерлердің қолдауы ерекше болды. Бұдан өзге ерекшеленген тағы бір топ – Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің «Бәйтерегі».

Бұл команда сонау бір тауқыметті жылдардағы қарашай балқар халқының тағдырын, жер аударылып келгенде паналатқан қазақ жұртының кеңпейілдігін қара сөзбен-ақ жеткізіп, көптің қошеметіне бөленді.

Екінші кезең – үй тапсырмасында әр ұлттың салт-дәстүрлерінен сахналық қойылымдар қойылды. Ұйғыр, татар, өзбек және тағы басқа Қазақстан халықтарының өмір салты, жөн-жоралғысы бейнеленген көріністер де көрермендерді тамсандырмай қоймады.

Соңында әділқазылар алқасы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандарды» анықтады. Сонымен, сайыс қорытындысы бойынша Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің «Бәйтерек» тобы бірінші орынды иеленді. Екінші орын Тыл бас басқармасынан «Бірлік» командасына бұйырды. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"