Үздік аудармашы атанды

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде ұйымдастырылған «Қазақ тілінің үздік аудармашысы» сайысында 31767 әскери бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту қызметінің маманы Нұрсәуле Мұқажанова озық шықты.

   Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және аударма саласындағы бірізділікті қалыптастыру мақсатында Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған сайысқа мемлекеттік мекемелер мен білім беру орындарының аудармашылары мен тіл мамандары қатысты. Әскери бөлімдердің атынан бағын сынаған Нұрсәуле Мұқажанова Семей қаласының бес үздік аудармашысының бірі атанды. Ол сайыстың үш кезеңінде де берілген тапсырмаларды санаулы уақыттың ішінде сапалы, әрі жылдам аударды. Кәсіби маман екенін көпшілік алдында тағы бір мәрте дәлелдеп берді.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"