«Шығыс ұландары» ант берді

Тұңғыш Президент күні қарсаңында 40-шы орта мектебі «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының қатарына қабылданушы «Шығыс ұландары» 5 «А» кадет сыныбының оқушылары Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында салтанатты түрде ант қабылдады.

24 жас жеткіншек «Шығыс ұландарының» жарғысына сай бұйрықтарды орындауға, сертте тұруға, болашаққа нық сеніммен қадам басуға, әрі Отанды қорғап, елге адал қызмет ететін ар-намысты, білімді азамат болуға ант берді. Олар кадет сыныптарында патриоттық тәрбиеге, дене шынықтыру мен алғашқы әскери даярлыққа ерекше назар бөлінетінін көрсете білді. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы рухында әскери-патриоттық тәрбиелеу, қазақстандық патриотизм сезімін дарыту, жастарды әскери қызметке даярлап, жалпыұлттық құндылықтарды бойына сіңіруді мақсат тұтқан шараға еліміз Қарулы Күштерінің ардагерлері де қатысып отырды. Ант беру салтанатынан соң кадеттер қалалық мәдениет сарайындағы тарихи-өлкетану мұражайына қарасты жауынгерлік және еңбек Даңқы бөліміне экскурсия жасады.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"