«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында тактикалы-арнайы жаттығу басталды

ҚР Қарулы Күштерінің байланыс әскерінің Бас басқармасы бастығының жетекшілігімен байланыс жөніндегі кешенді жаттығудың аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44793 әскери бөлімінде тактикалы-арнайы жаттығу басталды.

Байланысшылардың жаттығуы түрлі тактикалық жағдайда басқарма мен құрылымның жауынгерлік ауызбіршілігін арттыруды көздейді. Жаттығу барысында әскери бөлім жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіріліп, маршты жүзеге асырады. Бұған қоса, байланыстың далалық жүйесі іске қосылып, байланыстың ұтқыр тораптарынан жедел топтардың байланысы қамтамасыз етіледі. Байланыстың стационарлық тораптарының байланыс жүйесі күшейтіліп, өзара қимыл байланысы да орнатылады. Мәселен, запастағы командалық пунктің байланыс батальонының жеке құрамы белгіленген уақытта анықталған ауданда байланыстың «Айбын-1» далалық торабын құрды. Взвод сержанты кіші сержант Т.Адамбаевтың басқаруымен Р-454 Ф таратқыш орталығының дистанциялық басқармасы да құрылды. Взвод сержанты аға сержант Д.Аймұхамбетов Р-409 МЦ радиорелелік станция көлігінде каналдарды сапалы іріктеуді байланыстың стационарлық желісінде қамтамасыз етті. Ал, аға маман ефрейтор Б.Мұқажанова телеграфтық хабарламаларды игеру жөнінде кәсіби біліктілігімен ерекшеленді. Сондай-ақ, командалық-пунктік байланыс батальонының командирі майор Рауан Қызылбаев, экспедитор аға сержант Шолпан Маханова, телеграфист Шынар Темірханова, радиотелеграфист Динара Жашимова, радиорелелік станцияның маманы 3-ші сынып сержанты Қайрат Мақсұтов, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасар майор Айдос Мұқышев, аппарат бастығы прапорщик Сергей Тетерин де жақсы жағынан көрінді. 

   Байланысшылар әскері – Қарулы Күштерді басқару және байланыспен қамтамасыз ететін арнайы әскер. Әскери байланыс Қарулы Күштерді басқарудың құрама бөлігі, сондай-ақ негізі. Әйгілі қолбасшы Г.К. Жуков «байланыс-армияның жүйкесі» деп жоғары баға берген. Әскери құрал мен қаруды дер кезінде қолдану және әскерді басқарудың жеделдігі көп жағдайда әскери байланыстың жағдайы мен жүйелілігіне қатысты. Байланыс жүйесі және әскерді басқарудағы автоматтандырылған жүйе – басқарма жүйесінің техникалық негізі болып саналады. Әскери байланыстың даму тарихы Қарулы Күштердің құрылуымен, түрі мен форманы қолдануымен, әскери өнердің жетілуімен тікелей байланысты. Бүгінгі күні Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлік деңгейіне талап күшейіп келеді. Тактикалы-арнайы жаттығуды өткізудегі мақсат та сол.  

 Нәйлә Сағындықова, аға сержант радиотелеграфист: «Мен ҚР Қарулы Күштерінің қатарына 1996 жылы 12 ақпанда шақырылдым. Осы лауазымда оқу-жауынгерлік міндетімді атқарып кле жатқаныма аттай жиырма жыл болды. Кең көлемдегі  жедел-тактикалық командалы-штабтық арнайы оқу-жаттығуларының барлығына қатыстым. Бұл жаттығудағы менің міндетім –Қорғаныс министрінің тыл жөніндегі орынбасарын, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасарын телефон және телеграф байланысымен қамтамасыз ету. Аса маңызды, әрі жауапкершілігі мол міндет. Жалпы алғанда офицерлер, сержанттар, келісім шарт бойынша әскерилер далалық жағдайда байланысты ұйымдастыру мен пайдалануда мол тәжірибе жинақтайды. Даладағы жаттығуларды сыныптағы сабақтармен алмастыруға мүлдем болмайды. Бұл – емтихан, теорияны іс жүзінде тексеру. Сондай-ақ, жетілдірілген жаңа байланыс құралдары да қолданылады. Бір сөзбен айтқанда, әскери байланысшылардың барлық жұмысы еліміздің әскерінің жауынгерлік дайындығын арттыруға бағытталып отыр». 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"