«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қызметкерлері әскери прокурормен кездесті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Шығыс аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Серік Байболатұлы Төрехановпен кездесті.

Онда «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, өзге әскер мен әскери құрамаларда құқық бұзушылықты сауықтыру бағдарламасы» және  заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі қабылданған шаралардың жағдайы қаралды. 2015 жылы 23 желтоқсанда қылмысты іздестіру және басқарманың әскери органдарының үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітілген 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықты сауықтырудың жаңа бағдарламасын жүзеге асырудың мәселелері де талқыланды. Шығыс аймағының әскери прокуроры қорғаныс қабілеттілігін нығайту, жауынгерлік және мобилизациялық дайындықты одан әрі дамыту үшін барлық жағдайдың жасалып жатқанын тілге тиек етті. Қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттардың сақталуын ұйымдастыру кезіндегі заңдылықтың сақталуы – әскери прокуратура органдарының қадағалау қызметін жүзеге асырудыі басым бағыттарының бірі екенін айтты. Сондай-ақ, Семей гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің лауазымды тұлғаларынан жұмыс тобы құрылғанын, тексеріс кезінде қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттардың сақталуын ұйымдастыруға, қару-жарақ орналасқан жердің қауіпсіздігіне, күзет дабылдарының орнатылуына, қару-жарақ және оқ-дәрімен жұмыс жүргізетін адамдармен сабақтар жүргізуге, оқ-дәрілерді есептен шығару заңдылығына, өауіпсіздік шаралары мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына басты назар бөлінетіні баяндалды. Шығыс аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Серік Байболатұлы Төреханов әскери қызметшілерді 2016 жылдың «Әскердегі құқықтық мәдениет жылы» деп жариялануына байланысты Қазақстан армиясының имиджін барынша ақпараттандыру, Отан қорғаушылар мен өскелең ұрпаққа құқықтық және әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту жөніндегі кең көлемді жұмыстарды ұйымдастыруға шақырды. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"